«Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті қорынан грант алуға үміткерлер

IMG_9769

Бүгінгі күні «Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті қорынан грант алып, ары қарай Университетте грант негізінде білім алуға ниеттенген «КАЗГЮУ Университеті» АҚ студенттерінен 86 өтініш келіп түсті. Бұл – көпбалалы отбасыларындағы, толық емес жанұялардағы, жартылай жетім, ата-ана қарауынсыз қалған балалар.  

Төмен материалды жағдайы бар, академиялық жетістіктерде үздік, әрі Университет өміріне белсенді қатысатын студенттерге ерекше көңіл бөлінеді.

Қазіргі кезде өтініштер қарастырылып жатыр. Жақын арада «Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті қорынан БІРІНШІ ГРАНТ озып шыққан студенттің біріне беріледі!