КАЗГЮУ Қазақстанның Іскер әйелдерінің кеңесімен Меморандум жасасты

IMG_8780

Стратегиялық әріптестік аясында тараптар бірлесіп, білім беру қызметтерінің отандық саласын дамытуды жоспарлайды. Дәлірек айтқанда, бейінді институттар мен ведомстволардың өкілдерін шақыра отырып, ғылыми-практикалық жиналыстарды, семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыру мен өткізу қарастырылады.

Осындай ауқымдағы шараларға ғылыми дәрежесі бар (ғылым докторлары, кандидаттары, академиктер), сондай-ақ белгілі бір тақырыптар бойынша теориялық білімі мен практикалық тәжірибесі мол білікті сарапшылар тартылмақ.

Одан бөлек, ынтымақтастық нысаны ұсынылатын қызметтердің көпшілік арасында танылуына, студенттер, профессор-оқытушылық құрам мен ғылыми қызметшілердің арасындағы белсенді өзара әрекетке бағытталған екі жақты ақпараттық қолдауды көрсетуді көздейді.

IMG_8774