«Эндаумент КАЗГЮУ» қоры дарынды балаларға көмек көрсетуде

IMG_4468

«Эндаумент КАЗГЮУ» корпоративтік қорының басшылығы «SOS Астана балалар ауылымен» дарынды жетім балаларға бірлескен көмек көрсету жөнінде ынтымақтастық туралы меморандумды жасасты. Бастапқыда уағдаластық аясында балалар ауылының 11-сыныбының 2 оқушысы ағылшын тілін меңгеру курстарына қатысады. Оқу курсының соңында оқушыларға КАЗГЮУ Университетінде оқу мүмкіндігі ұсынылады.

Сондай-ақ Қор демеушілерінің көмегі арқасында балалар университеттің жатақханасында тегін тұра алады.

IMG_8786