Болашаққа бастар жол!

14424899_245441769190870_3193250197449779833_o
Осылай аталатын әлеуметтік жоба балалар үйлерінің, оның ішінде «SOS Астана балалар ауылы» ұйымының тәрбиеленушілеріне жоғары білім алу мүмкіндігін сыйлайды. «Эндаумент КАЗГЮУ» корпоративтік қоры биыл орта мектеп тәмәмдаған жетім балаларға және аз қамтылған отбасылардың балаларына грант бөлуде. Қайырымдылық жобасы аясында Қор директоры Жанна Байсейітова Балалар ауылының түлектерімен кездесіп, ұйым атынан балалардың оқу жалғастыру әрі білікті маман болу деген ниеттерінде оларға барынша қолдау көрсетілетіндігін білдірді.
Осыған дейін хабарланғандай, КАЗГЮУ Корпоративтік Қорын құрудың бір мақсаты халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарын қолдауға бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру болып табылады.