Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығының құрметіне КАЗГЮУ-дың атаулы аудиторияларының тұсаукесері

IMG_4478 - копия

Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойын мерекелеу аясында КАЗГЮУ Университеті атаулы аудиториялардың тұсаукесерін өткізді. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев, «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-інің бас директоры Медет Кәрім және еліміздің ведомстволық құрылымдарының басқа өкілдері, жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушылары қатысты.

Жаңа аудиториялардың ресми ашылуында қонақтармен амандасып, ҚР ИДМ вице-министрі Тимур Тоқтабаев жетекші заңгерлік КАЗГЮУ Университетінің ширек ғасырда ел Тәуелсіздігінің тарихы мен құқықтық мемлекеттілігінің өркендеуі мен дамуына айтарлықтай үлес қосқан дарынды әрі табысты түлектер легін тәрбиелеудегі рөлін ерекше белгіледі. Аудиториялардың ашылуы жоғары оқу орнының бірқатар отандық банк инвесторлары секілді ірі-ірі әріптестермен ынтымақтастың жаңа кезеңін бастады.

Ағымдағы жылдың басынан бері университетте белгілі мемлекеттік қайраткер, «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Басқарма Төрағасының экс-төрағасы Мақсұт Нәрікбаев авторы мен негіз қалаушысы болған «Эндаумент КАЗГЮУ» әлеуметтік жобасы төңірегінде іске қосылған бестен астам атаулы аудитория қызмет етеді. Осыған дейін хабарланғандай, «Эндаумент КАЗГЮУ» қайырымдылық қоры заң оқу орнында оқуға қаржы мүмкіндігі жоқ дарынды жастарды қолдау үшін құрылды. Тек үстіміздегі жылы Қор меценаттарының, ресми әріптестерінің демеушілік көмегі арқасында жиырма шақты балаларға тегін оқу гранттары табысталды.  

Одан басқа, жыл сайын КАЗГЮУ Университеті студенттердің оқу ақысына жеңілдік беру үшін 80 млн. теңге көлемінде өз қаражатын жұмсайды және оқу кезінде өздерін жақсы жағынан көрсете білген ерекше дарынды студенттерге білім беру гранттарын ұсынады. Осылайша, еліміздің жетекші заңгерлік оқу орны барлық қазақстандықтарға сапалы әрі қолжетімді білім беру бойынша миссияны біртіндеп іске асыруда.

Динара АРХАРОВА, Астана

IMG_4417
IMG_4424
IMG_4425
IMG_4438
IMG_4448
IMG_4469
IMG_4472
IMG_4478
IMG_4499
IMG_4509
IMG_4511
IMG_4520