КАЗГЮУ Университетінің студент қызына арнайы грант

IMG_6591

“Эндаумент КАЗГЮУ” корпоративтік қорының демеушісі қазіргі кезде заң білім ордасының бірінші курсында оқып жатқан Сабина Мухаматнуроваға қаржылай көмек көрсетті. 
Студент қыздың жылдық оқу ақысын төлеген жәрдемші өз есімінің жасырын болғанын қалады.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, Сабина қиын материалдық жағдайға тап болды. Енді демеушінің көмегімен Сабина өз оқуын жалғастыра алады. Болашақта Сабина кәсіби қызметін еліміздің құқық қорғау органдарында жалғастырғысы келеді. 

Игілікті іс жасаған кезде адамдардың ізгілік, мейірімділік, кішіпейілдік секілді асыл қасиеттерді басшылыққа алуы қуантарлық жағдай.   КАЗГЮУ Университеті “Эндаумент КАЗГЮУ” КҚ барлық демеушілері мен қолдаушыларына отандық білімді дамытуға қосқан үлестері үшін алғысын білдіреді.