КАЗГЮУ-да тілдік зертхана ашылды

IMG_5865

КАЗГЮУ-да шет тілдерін оқыту бойынша халықаралық білім беру орталығы  Education First (EFкомпаниясының атаулы аудиториясы ашылды. Компания шетелдегі білім бойынша дүниежүзілік көшбасшысының мәртебесіне ие. 

Жаңартылған аудиторияны ресми іске қосу салтанатына EF-тің Қазақстандағы директоры А. Жунусова, КАЗГЮУ басшылары, қызметкерлері мен студенттері қатысты. 

IMG_5879

КАЗГЮУ Басқарма Төрағасының орынбасары М. Дәуленов Жалпы білім беру пәндері мектебінің Шет тілдері департаментінің жанында орналасқан жаңа аудитория әріптестер өздерінің бірлескен жобаларын, оның ішінде заманауи оқыту әдістерін апробациялау және енгізу бойынша жобаларды іске асыра алатын  бастапқы алаңға айналғанын белгіледі. 

IMG_5900

Жаңа кабинетте ағылшын тілін үйренуге бүкіл жағдай жасалған, себебі аудитория мультимедиялық жүйе, ноутбук, проектор, интерактивті тақта секілді заманауи құралдармен және жеке Wi-Fi  нүктесімен жабдықталған. 

IMG_5921КАЗГЮУ-дың ең ірі шетелдік тіл орталығымен ынтымақтастығы 2016 жылдың желтоқсан айында Білім беру және бірлескен зерттеулер саласындағы өзара әрекеттестік туралы меморандум жасалғаннан бері басталды. Оның төңірегінде студенттер мен оқытушылар ағылшын тілін меңгеруде, онлайн-режимде тестілеу қамтамасыз етілген.