КАЗГЮУ студенттеріне арналған атаулы стипендиялар

Безымянный

КАЗГЮУ Университетінің 1 – 3-курстарының студенттері Н.А. Шайкенов және М.С. Нәрікбаев атындағы стипендиялардың иегері атану үшін конкурсқа қатыса алады. Конкурсты ұйымдастырушы – Эндаумент қоры және КАЗГЮУ түлектерінің қауымдастығы.

Өтініштер 2018 жылдың 20 қаңтарына дейін КАЗГЮУ ХҚКО (ЦОН) сайтында қабылданады.

10 атаулы стипендияға үміткер бола алатын студенттер:
2017-2018 оқу жылының 1-семестріндегі GPA 3,67 төмен болмауға тиіс (транскрипт);
КАЗГЮУ Университетінің қоғамдық өміріне белсенді қатысушы (грамоталар, дипломдар);
Ғылыми жұмыстар конкурстарына, олимпиадаларға, халықаралық конкурстарға қатысушы (растайтын құжаттар);
IELTS (6,0 төмен емес сертификат болған жағдайда).
Менеджер: Назерке Бекежан (613-каб.), тел.: +7 (7172) 70 28 26.