КАЗГЮУ Университетінің Эндаумент қоры «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялары тобының құқықтық мәселелер бойынша басқарушы кеңесінің студенттік стипендияларды тағайындауға конкурсы жарияланғанын қуана хабарлайды

IMG_0116 Құрметті студенттер! КАЗГЮУ Университетінің Эндаумент қоры «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялары тобының құқықтық мәселелер бойынша басқарушы кеңесінің студенттік стипендияларды тағайындауға конкурсы жарияланғанын қуана хабарлайды!

Конкурсқа қатысушылар мынадай талаптар қойылады:

1. «Халықаралық құқық», «Заңтану» мамандығы бойынша кемінде екі курс оқуын табысты тәмәмдаған студенттер;

2. Академиялық үлгерімінің көрсеткіштері 3.0-ден төмен емес GPA балы бар;

3. Университеттің тәртібін бұзбаған студенттер (Регламенттің 3-тармағын қараңыз). Байқауды өткізу нысаны — «Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласын реттеудің өзекті мәселелері» деген тақырыпқа ғылыми жұмысты жазу (Регламенттің 2-тармағын қараңыз).

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға мынадай көлемде стипендиялар тағайындалады:

1-орын — 30 000 теңге:

2-орын — 20 000 теңге;

3-орын — 10 000 теңге. (Регламенттің 1-бетін қараңыз).

Толық ақпарат үшін байқау өткізу регламенті қоса беріледі. Барлық мәселелер бойынша мына мекенжай бойынша жолығуыңызды сұраймыз: Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 8, «КАЗГЮУ Университеті» АҚ, 613-каб. Тел.: 70 30 30 (ішкі: 1199).