«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобының құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы кеңесінің студенттік стипендияларын тағайындау жөніндегі конкурс өз мәресіне жетті

DSC_5731 DSC_5870 DSC_5879 Жыл сайын «Эндаумент КАЗГЮУ» КҚ Университеттің дарынды студенттері үшін гранттар мен стипендияларды іздейді. Қор қызмет еткелі екі жылдың ішінде дарынды жастарға гранттар, жеңілдіктер мен стипендиялар арқылы қолдау көрсетілді. Қазіргі таңда Қор демеушілер мен әріптестердің, сондай-ақ КАЗГЮУ түлектерінің бөлген қаражаты есебінен студенттерге елуге жуық грант және 50, 60, 75, 100% мөлшерінде жеңілдіктерді ұсынды. Бірнеше студент ай сайын 25 мың теңге көлемінде стипендия алады, сондай-ақ Университеттің тек «өте жақсы» және «жақсы» деген бағаларға оқитын 12 үздік студенті 25 мың теңге көлеміндегі атаулы стипендияларға ие болды. Өткен жылдың соңында біздің әріптес — «ҚазМұнайГаз» Басқармасының жанында өз қызметін жүзеге асыратын, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобының құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы кеңесі КАЗГЮУ студенттеріне арнап студенттік стипендияларды бекітті. Конкурстың екі кезеңі қарастырылған еді, оның шарттары «ҚазМұнайГаз» және КАЗГЮУ Университетінің веб-сайттарында жарияланды. Алғашқы кезеңде өтінімдер алдын ала жиналып, «Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласын құқықтық реттеудің өзекті мәселелері» деген тақырыпқа орындалған ғылыми жұмыстар қаралды. Екінші кезеңде конкурсқа қатысушылар «ҚазМұнайГаз» құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры Ардақ Мукушов басқарған Комиссияның алдында өздерінің ғылыми еңбектерін қорғады. Комиссияның құрамы: – «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Ноғайбай Заңғар; – «PSA» ЖШС-інің әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры Даниель Ваисов; – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Марлен Оразбеков; – заң ғылымдарының кандидаты, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңына түсініктеменің бірлескен авторы Валентина Лебедь; – Эндаумент КазГЮУ корпоративтік қорының директоры Жанна Байсеитова; – «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ атқарушы комитетінің мүшесі, Халықаралық заңгерлер одағының Үйлестіру кеңесінің мүшесі, «Zenesh» заң орталығының атқарушы директоры Дарига Курманова. 2018 жылдың 27 маусымында Комиссия конкурстың қорытындысын шығарды, оның жеңімпаздары болып КАЗГЮУ-дың келесі студенттері атанды: бірінші орын – Кабылов Болат Бекболатович, «Заңтану» мамандығының 3-курс студенті; екінші орын – Абугалиев Сырымбет Махамбетович, «Заңтану» мамандығының 3-курс студенті; үшінші орын – Молдахметова Галия Андреевна, «Заңтану» мамандығының 3-курс студенті. Сондай-ақ Комиссия Манас Багдатович Ережеповқа және Асаинова Лаура Сабырбеккызына конкурсқа атсалысқандары үшін алғыс хаттарын табыстады. Соңында Комиссияның төрағасы Ардак Мукушов дарынды жастарды қолдау маңыздылығын атап өтіп, Конкурсты ұйымдастыру кезінде көрсеткен қолдау үшін Басқарушы кеңес пен Комиссияның мүшелеріне, КАЗГЮУ-ға өз алғысын білдірді.