«Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті Қоры туралы

_MG_3885 — копия2016 жылдың 8 ақпанында «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Директорлар Кеңесімен «Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті Қорын құру туралы шешім қабылданды. Эндаумент қайырымдылық қайыр жинауының есесінен толықтырылады. Эндаумент-қорына ақшалай қаражат ірі компаниялардан, табысты жетістіктерге, осылайша алдыңғы қатарлы ұрпақтың білім алуына қосқан инвестицияларын қайтарушы, сол арқылы болашақ студенттерге қолдау көрсетуші түлектер болып табылатын кәдімгі азаматтардан келіп түседі. Эндаумент-қорының қызмет ету механизмінің тәжірибеде өзіндік тиімділігі, әсіресе АҚШ-та дәлелденген. Осындай қорлардың арқасында американдық жоғарғы оқу орындары барлық ғылым салаларында әлемде көшбасшылықты ұстауды, үздік оқытушыларды оқытуға тартуда, дарынды студенттердің білім алуын төлеуде, жабдықтарды сатып алуда және инфрақұрылымды қаржыландыруда, жаңа факультеттер мен кафедраларды құруда. Эндаумент-қоры – білім беру мекемелерін қаржыландырудың ең тиімді және ең адал түрі. Ол қаржылық негіз бен ұзақмерзімді даму стратегиясын қалыптастыруға мүмкіндік береді. «Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті Қоры Университет түлектерінің әр түрлі Қазақстан Республикасы компанияларының сыйлықтары мен жарналары түріндегі ақшалай қаржаттарын тарту мақсатында құрастырылған. Ол қаражат болашақта студенттердің білім алуына ықпал етуге, «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-ның қызметкерлері мен студенттерінің ғылыми жобаларын қолдауды жүзеге асыруға, материалдық-техникалық негізді нығайтуға жұмсалады.