«КАЗГЮУ Университеті» АҚ мен “Taiburyl” ҚБ арасындағы ытнымақтастық туралы келісім

logoEn

2016 жылдың 17 маусымында «КАЗГЮУ Университеті» АҚ мен “Taiburyl” ҚБ арасындағы ытнымақтастық туралы келісім жасалды. Аталған келісім аясында қатысушылар серіктес компанияның дамуы жолында өзара қолдауы мен ақпараттық қамсыздандырылуына иек арта алады.

“Taiburyl” Қоғамдық бірлестігі коммерциялық емес жеке ұйым.

Бірлестіктің негізгі миссиясы – елдің зияткерлік әлеуеті – студенттер, салалар бойынша ғалымдар, зерттеушілер, дарындар, кәсіби мамандарға қолдау көрсетіп, дамыту.

Бірлестік жеке тұлғалардың, коммерциялық қызметпен айналысатын заңды тұлғалардың  қайырымдылық және демеушілік көмегінің арқасында қаржыландырылады.

Бірлестікке көмектесу ерікті болып табылады, әрі Бірлестік қаржылық ашықтық пен қатаң есептілікті сақтайды. Бірлестіктің шотына келіп түскен барлық қаражат Бірлестіктің сайтындағы «Есептілік» бөлімінде жарияланады.

Білестік сонымен қатар қолма-қол ақша айналымынан бас тартты, барлық ақшалай операциялар банк есеп-шоттары арқылы, онлайн аударымдар арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі кезде “Taiburyl” ҚБ 4 түрлі бағдарлама ұсынуда:

  1. «Білім алуды қолдау» бағдарламасы «Ай сайынғы стипендиялар» мен «Білім беру гранттары» сияқты екі түрлі жоба аясында студенттерге қолдау көрсетуді көздейді.
  2. «Зерттеушілерді қолдау» бағдарламасы «Ғылыми зерттеулер» мен «Қолданбалы әзірлемелер» сияқты екі түрлі жоба аясында ғалымдарға қолдау көрсетуді көздейді.
  3. «Дарындарды қолдау» бағдарламасы «Дарындарды іздеу» және «№2» бағдарламасы» сияқты екі түрлі жоба аясында ғылым, спор және мәдениеттегі дарындарға қолдау көрсетуді көздейді.
  4. «Қонақ дәрістер» бағдарламасы бизнес пен мемлекеттік басқару аясында қонақ дәрістерді ұйымдастыруды көздейді.

КАЗГЮУ Университетінің студенттері аталған бағдарламаларға қатыса алады. Одан да көбірек мәліметті мына сайтан қарай аласыз http://taiburyl.kz/. Бірлестікпен өткізілетін қонақ дәрістер КАЗГЮУ-де өтеді деген келісім жасалды. Енді студенттерге дәрістер қонақ дәріс-сабағы кезінде білім мен тәжірибені жеткілікті ала алады. Біз өнімді ынтымақтастық пен болашақта қарым-қатынасымыздың нығая түсетініне сенім білдіреміз!