Астананың балалар үйлерінің тәрбиеленушілері КАЗГЮУ-да тегін оқитын болады

IMG_1678
«Болашаққа апарар жол» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру төңірегінде КАЗГЮУ Университеті Астананың SOS Балалар ауылының тәрбиеленушілерін оқу орнымен таныстыру үшін экскурсия өткізді.

Бұл шара балаларды жаңа ортаға бейімдеу мақсатымен ұйымдастырылды. Қонақ ретінде келіп, тәрбиеленушілер студенттермен және оқытушылармен танысты, оқу орнының аудиторияларын аралады, сондай-ақ «Эндаумент КАЗГЮУ» корпоративтік қорының директоры Жанна Байсейітовамен кездесті.

Балалар ауылының тәрбиеленушілері патронаждың қамқорлығымен студенттік атмосфераға шомып, өз өмірінің жаңа кезеңіне және еліміздің жетекші оқу орнында оқуға дайындала бастады.

Қол жеткізілген уағдаластық қорытындысы бойынша «Эндаумент КАЗГЮУ» корпоративтік қоры Астанадағы SOS Балалар ауылының тәрбиеленушілеріне, сондай-ақ бірқатар аз қамтылған отбасылардың балаларына жоғары оқу орнында тегін оқуға білім беру гранттарын бөледі.  

Балалар ауылы өкілдерінің айтуынша, жоғары кәсіби білім алу ниетінде балаларға көрсетілген бұл көмек өте уақтылы. Мүмкін, Қордың бұл шешімі еліміздің басқа оқу мекемелерінен демеушілер үшін үлгі боларлық және сонда тағы да басқа көптеген тәрбиеленушілер «өмірге жолдамаға» деген өз арманын жүзеге асыра алады.   

  Осыған дейін хабарланғандай, КАЗГЮУ-дың Корпоративтік қорын құру мақсаттарының бірі халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарын қолдауға бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру болып табылады.  

IMG_1676
IMG_1672
IMG_1667
IMG_1673
IMG_1559
IMG_1653
IMG_1657
IMG_1659
IMG_1661
IMG_1669
IMG_1532
IMG_1577
IMG_1631