КАЗГЮУ-да Тәуелсіздіктің 25-жылдығы құрметіне Республикалық нотариаттық палатаның атаулы аудиториясы ашылды

IMG_4343
КАЗГЮУ Университетінде ҚР Тәуелсіздігін мерекелеу аясында Республикалық нотариаттық палатаның атаулы аудиториясының ресми ашылу салтанаты өтті.  

Аудиторияның ашылу салтанатына РНП төрағасы Әсел Жанәбілова, КАЗГЮУ Университетінің Құқық жоғары мектебінің директоры Сергей Пен, еліміздің бірқатар мемлекеттік құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ университет студенттері мен оқытушылары қатысты.

IMG_4364

РНП төрағасы Ә. Жанәбілова өзінің алғы сөзінде еліміздің жетекші заңгерлік оқу орнымен көп уақыттан бері жалғасып келе жатқан ынтымақтастығының мәртебесін ерекше белгіледі, оның төңірегінде Республикалық нотариаттық палата жоғары білікті кадрларды даярлау процесіне өзінің үлесін қосуда.  

«Республикалық палата тарапынан дарынды жастарды қолдау білім беру деңгейін арттыруға және КАЗГЮУ студенттерін тиімді оқыту процесіне ықпал ететіндігіне сенімдімін, мүмкін, болашақта олар біздің әріптестеріміз, Нотариаттық палатаның мүшелері болмақ», -деп Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы белгіледі.

IMG_4362

Қазіргі уақытта университетте 7 атаулы аудитория қызмет етуде, бұл аудиторияларда «Эндаумент КАЗГЮУ» КҚ әріптестері мен демеушілері іскерлік форматтағы іс-шараларды өткізе алады, сондай-ақ студенттердің алдында дәріс оқу мүмкіндіктері бар.

Осыған дейін хабарланғандай, Корпоративтік Қор заңгерлік оқу орнында білім алуға қаржылай мүмкіндігі жоқ дарынды жастарды қолдау үшін әрқашан ашық. Тек үстіміздегі жылы демеушілердің, Қордың ресми әріптестерінің спонсорлық көмегі арқасында жиырма шақты балаға тегін оқу гранттары табысталды.  

IMG_4369

Оған қоса, жыл сайын КАЗГЮУ Университеті оқу кезінде өздерін жақсы жағынан көрсете білген дарынды студенттерге білім гранттарын және атаулы стипендияларды ұсыну үшін 80 млн. теңге өз қаражатын жұмсайды.  

Осылайша, еліміздің жетекші заңгерлік жоғары оқу орны барлық қазақстандықтарға сапалы әрі қолжетімді білім ұсыну бойынша миссиясын біртіндеп жүзеге асыруда.

IMG_4334
IMG_4383
IMG_4374
IMG_4390
IMG_4379