Ауылдық мектептердің 25 оқушысы Тәуелсіздіктің 25-жылдығы құрметіне КАЗГЮУ-да тегін оқу мүмкіндігіне ие болады

IMG_1773

Қазақстанның бірқатар ауылдық мектептерінің 25 үздік оқушысы КАЗГЮУ-да «Құқық қорғау қызметі» жетекші мамандығы бойынша тегін оқи алады. Ел Тәуелсіздігінің 25-жылдығына дарынды балаларға бұл тартуды КАЗГЮУ Университеті және «ZHERSU» инвестициялық-өнеркәсіптік корпорациясы жасады.

  Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Тараптар Ынтымақтастық туралы меморандумды жасасты, оның мақсаты –  Алматы облысында орналасқан Жыланды және Лепсі елді мекендерінің дарынды мектеп оқушыларына әлеуметтік қолдау көрсету.

Осылай, 10 білім беру грантын КАЗГЮУ жеке өзінің қаражатынан бөледі және тағы 15 грантты «ZHERSU» корпорациясы ұсынады.

ҚР Бокс федерациясының вице-президенті, «ZHERSU» корпорациясының басшысы Б. Оспанов белгілегендей, бүгінде КАЗГЮУ Университеті, студенттер мен магистранттардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға қосқан үлесі мемлекеттік деңгейде танылған, еліміздің алғашқы заңгерлік оқу орындарының біріне айналды.

 

IMG_1727

Аталған келісімнің өзектілігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұжырымдамасын жүзеге асыру төңірегінде құқық қорғау құрылымы үшін білікті мамандарды даярлау қажеттілігімен айқындалған. Бұл жөнінде жуырда КАЗГЮУ-да өткен кездесуде айтылған еді, сол кезде танымал қоғамдық қайраткер халықаралық құқықтық өрісте Қазақстанды дамыту мәселелеріне арналған қонақ дәрісін оқыды. Кездесу соңында Б. Оспанов КАЗГЮУ-дың болашақ түлектеріне сыбайлас жемқорлықты  түбімен жоятын «әділ заңдарды шығаруды» тіледі.

Осылай, еліміздің жетекші заңгерлік оқу орны барлық қазақстандықтарға сапалы әрі қолжетімді білімді ұсыну бойынша өз миссиясын біртіндеп іске асыруда.

d26c49d2-3f2a-41d4-bb29-ca61766699b8