Астананың Іскер әйелдерінің кеңесі КАЗГЮУ студенттері үшін шебер-сыныптарды ұйымдастырды

IMG_5336

Қазақстанның Тәуелсіздігін тойлау аясында елордалық Іскер әйелдерінің кеңесі КАЗГЮУ студенттері үшін кәсіби шебер-сыныптарды ұйымдастырды.

Келген қонақтар бизнесті табысты құру саласындағы кәсіби тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ бүгінде мемлекет жастардың кәсіпкерлігін дамыту үшін жасап жатқан мүмкіндіктері туралы әңгімеледі.

 

IMG_5308

Өз кезегінде, КАЗГЮУ Басқарма Төрағасының орынбасары
Н. Коробко қазіргі кезде Университеттің студенттік авторлық стартаптарды қолдау бойынша жобаны іске қосып жатқандығын хабарлады.

«КАЗГЮУ-да студенттердің бизнес-идеялары мен жобаларын бағалайтын және болашағы зор жобаларға ұйымдастырушылық және қаржылай көмек, мәселен, инвесторларды, мемлекеттік субсидиялауды тартуға және т.б. көмек көрсете алатын сарапшылар тобы құрылмақ», – деп белгіледі Н. Коробко.

 

IMG_5469

Кездесу барысында студенттер қонақтарға Capstone Project конкурсында жеңімпаз атанған, Қазақстандағы сотталған адамдардың құқықтарын қорғау бойынша инновациялық жобаны көрсетті, бұл жоба төңірегінде олар тұтқындардың құқықтары бойынша зерттеулерді жүргізді. Студенттердің айтуынша, болашақта олардың жүргізген зерттеулерінің қорытындысы бойынша қылмыстық-атқарушылық құқық, қылмыстық-процестік құқық және халықаралық құқық саласындағы ұлттық бағдарламаларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдар дайындалады.

 

IMG_5517

Сондай-ақ Тәуелсіздік мерейтойына «Әйелдер. Шығыс-Батыс» журналының  «Қазақстан бүгін. Астананың әйелдері» арнайы мерекелік шығарылымы да көрсетілді.

Ынтымақтастық аясында жуырда КАЗГЮУ Университетінде Астананың Іскер әйелдері кеңесінің жеке атаулы аудиториясы ашылмақ. Кеңес Төрайымы Б. Бисембаеваның айтуынша, бұл қадам Астананың бизнес-қауымдастығына кіретін әйелдердің тар бейіндегі заңгерлерді даярлау процесіне үлесін білдіреді.

IMG_5541