Балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арналған сыйлықтар

IMG_5850

Жаңа жыл қарсаңында КАЗГЮУ Университетінің өкілдері елордалық SOS ауылының тәрбиеленушілерін құттықтады. КАЗГЮУ Басқарма Төрағасының орынбасары Н. Коробко білім ордасы басшылығының тілектері мен жылы лебізін білдірсе, мерекелік сыйлықтарды балаларға «Эндаумент КАЗГЮУ» корпоративтік қорының директоры Жанна Байсеитова табыстады. Келген қонақтардың КАЗГЮУ Университеті және «Астана SOS балалар ауылы» арасында жасалған меморандум аясында тәрбиеленушілердің КАЗГЮУ-да оқи алатындығы туралы айтқан сөздері баршаны қуантты. Балалар ауылының ең үздік түлектерін оқытуға екі грант бөлу туралы шешім қабылданды.

IMG_5777

Өз кезегінде, Балалар ауылының қызметшілері білім ордасының ерекше үлесін КАЗГЮУ Ректоры Т. Нәрікбаевке, Басқарма Төрағасының орынбасары Н. Коробкоға, КҚ директоры Ж. Байсеитоваға, Корпоративтік қорының демеушісі, «АПК-Инвест» корпорациясының басшысы А. Тілеубаевке арнайы жазылған атаулы алғыс хаттарымен белгілеп, қамқорлықтарындағы балаларға белсенді көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

IMG_5766

Осыған дейін хабарланғандай, Университет жоғары білім саласындағы бірқатар әлеуметтік жобалардың, оның ішінде «Болашаққа апарар жол» жобасының бастамашысы және жетекшісі ретінде шығады, соның арқасында дарынды балалардың еліміздің жетекші заң оқу орнында тегін оқу мүмкіндігі бар. 

IMG_5797IMG_5856