КАЗГЮУ – ұрпақтар сабақтастығы!

КАЗГЮУ Университетінің ең жас студенттерінің бірі – Абдуләзіз Жанғалиев «халықаралық құқық» мамандығы бойынша бірінші курста оқиды. Жасы он бесте ғана болғанына қарамастан, Абдуләзіз шет тілдерін жетік меңгерген озат студенттерінің бірі, сондай-ақ спортпен шұғылданып, таэквондодан қара белбеу иегері атанып үлгерді.

Абдуләзіздің айтуынша, кезінде Университеттің бірінші басшылары қалыптастырған өзінің мықты кадрлық профессорлық-оқытушылық құрамымен әйгілі КАЗГЮУ-ға түскен таңдауы кездейсоқ емес, өйткені кезінде оның әкесі де осы білім ордасында білім алған еді.  

Оқуын бітіргесін Абдуләзіз халықаралық заңгерлік тәжірибемен айналысуды немесе өз тағдырын әлемдік кеңістікте Қазақстан мүдделерін білдіріп, елші ретінде дипломатиялық қызметпен байланыстыруды жоспарлайды.  

Өткен жарты жылда университеттегі оқу Абдуләзіздің ерекше ынтасын, жаңа білімге деген құштарлығын, бірқатар ғылыми пәндерге, оның ішінде экономикалық бейіндегі және психологияға қатысты пәндерге қызығушылығын арттырды. Енді ол өз оқуын әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарында жалғастыруды жоспарлап, бос уақытын кітапханада өткізетін болды.

Қалыптасқан дәстүр бойынша осындай дарынды, жан-жақты дамыған студенттерге әрқашан қолдау көрсетіледі. Жақында білім ордасының демеушілері атаулы стипендияны бекітпекші, оның арқасында университеттің ең белсенді әрі жігерлі студенттері КАЗГЮУ-да тегін білім ала алады.