QAZKOM КАЗГЮУ Университетінде атаулы аудиторияны ашады

Ракишев

Орталық Азияның ең ірі қаржы институттарының бірі және Қазақстандағы ең ірі жеке банк білім ордасында жеке өзінің аудиториясын ашуды жоспарлайды.

Осындай форматтағы ынтымақтастық туралы шешім өткен жылдың соңында қабылданған болатын. Қазіргі уақытта заманауи, мультимедиялық, көп функционалдық оқу аудиториясын жаңарту, дизайнерлік және техникалық жабдықтау бойынша жұмыстар аяқталып қалды.

Атаулы аудиторияны салтанатты ашу рәсіміне қаржы институты тарапынан КАЗГЮУ түлегі, сондай-ақ «Эндаумент КАЗГЮУ» корпоративтік қорының белсенді демеушісі болып табылатын және бірнеше жыл бойы туған білім ордасының студенттеріне қаржылай көмек көрсететін Директорлар кеңесінің төрағасы Кеңес Рақышев қатысады деп күтіледі.  

Жаңартылған аудиторияда QAZKOM әріптестеріне іскерлік нысандағы іс-шараларды өткізу, сондай-ақ студенттерге дәріс оқу мүмкіндігі ұсынылады.