КАЗГЮУ Маңғыстау облысының әкімдігімен Ынтымақтастық туралы меморандум жасасты

1

2

Үстіміздегі жылдың 29 сәуірінде Ақтау қаласында инвестициялық форумның қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының Білім басқармасы және “M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti” АҚ-ы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Еліміздің батыс өңірінде жетекші компаниялар мен бизнес-қауымдастықтың, демеушілер мен мемлекеттік құрылымдардың қатысуымен өткен инвестициялық кездесуге университет атынан КАЗГЮУ Басқарма Төрағасының орынбасары Надежда Коробко және “Эндаумент КАЗГЮУ” корпоративтік қорының директоры Жанна Байсеитова қатысты.

Тараптар жоғары білім саласының дамуына қолдау көрсету туралы қол жеткізілген уағдаластық өңірді білікті мамандармен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа күш-қуат беретіндігіне сенімділігін білдірді.

Дәлірек айтқанда, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов қазіргі уақытта Маңғыстау облысы әр түрлі қызмет салаларындағы кадрларға мұқтаждық екенін белгіледі. Осыған орай өңір басшысы Қазақстан мен ТМД-ның ең үздік жоғары оқу орындарында, оның ішінде M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-нде қажет етілетін мамандықтар бойынша жас әрі дарынды түлектерді оқытуға облыс әкімінің 50 грантын тағайындау туралы тапсырма берді.

Н. Коробконың айтуынша, жаңа келісім аясында білім беру процесіне барлық қатысушылардың өзара тиімді әрекеттесуі соңғы кезде өңірдің білім беру кеңістігінің кәсіби дамуында байқалған оң динамиканы сақтауға мүмкіндік береді.