Қайырымдылық жүгіру

11

Ү.ж. 13 мамыр күні астаналық саябақта (Тұран даңғылы, 7А) сағат 9.00-ден бастап 14.00-ге дейін “Эндаумент КАЗГЮУ” корпоративтік қоры және Астана қаласының Іскер әйелдер кеңесі қайырымдылық жүгіруді ұйымдастыруда. Бұл шара білім беру мен әлеуметтік жобалардың іске асырылуын қолдауға бағытталған. Игі шараға ұлттық компаниялар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, студенттер, қоғамдық қайраткерлер мен қала тұрғындары атсалыспақшы.

Айта кетерлігі, бұл акция дарынды жастарға, әлеуметтік қауқарсыз топтардың өкілдеріне қаржылай көмек көрсетуге бағытталған. Түскен қаражаттың барлығы Астана қаласы мен Ақмола облысы мектеп түлектерін оқыту үшін “Эндаумент КАЗГЮУ” корпоративтік қорының шотына аударылатын болады.

Тіркеу

Без имени-2