Конституция күні КАЗГЮУ-да республикалық сайыстың жеңімпаздары анықталды

_MG_3827

M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti “Атамекен” ҚР ҰКП жанындағы Астананың Іскер әйелдерінің кеңесімен бірге Қазақстандағы әйелдердің кәсіпкерлігін дамытуға көмектесетін болды. Бұл жоба үстіміздегі жылдың сәуір айында басталды және осы уақытқа дейін түскен көптеген өтінімдердің арасынан авторлық бизнес-жобаларды ұсынған 7 үміткер іріктелді.

Сайыс қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері екі жеңімпазды анықтады, енді олардың “Іскерлік әкімшілендіру магистрі” мамандығы және Қашықтықтан оқыту орталығының бір мамандығы (заңтану, халықаралық құқық, экономика) бойынша тегін оқу мүмкіндігі бар.

КАЗГЮУ Бизнес-мектебінде оқу грантының иегері болу бақыты фрилансерлерді тарту арқылы балаларға арналған заттарды шығару бойынша әлеуметтік жобаны табыс еткен Жанна Айденоваға бұйырды. Бұл жобаның іске асырылуы жас аналар мен көп балалы отбасылардың өкілдеріне балаларға арналған сапалы және бағасы қымбат емес заттарды өндіру процесіне қатысуға мүмкіндік береді.

Қашықтықтан оқыту орталығында гранттық оқу мүмкіндігі “Жанұяны дамыту орталығы” деп аталатын екінші жобаның авторы Лейла Ирсалиеваға табыс етілді. Жобаның мақсаты – жас аналарды қолдау және олардың қоғамға бейімделуі үшін бала босанғаннан кейін жайлы орта жасау, ата-аналарға балаға күтім жасау және оны дамыту мәселелері бойынша тәжірибелі мамандардың консультациясын ұсыну, сондай-ақ оларды еңбек нарығына тарту.

Сонымен бірге, “Атамекен” ҰКП жанындағы Іскер әйелдердің кеңесі Г. Аспендинаның бидай өскіндерінен шырын өндіру жобасына қаржылай көмек көрсету мүмкіндігін қарастырады.

Кеңес төрайымы Б. Бейсембаеваның айтуынша, M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti Қазақстандағы бизнес-білім саласындағы көшбасшылардың бірі болып қала беруде. Университетпен тығыз ынтымақтастық бизнес саласындағы жобаларға бірлесіп қолдау көрсету мен оларды іске асыруды көздейтін меморандум негізінде жалғасын табуда.

_MG_3828

_MG_3833

_MG_3836

_MG_3945