Эндаумент қорының демеушісі КАЗГЮУ-дің 28 студентіне көмек көрсетті

IMG_8259

IMG_8263

IMG_8267

IMG_8269

Тәуелсіздік күні қарсаңында КАЗГЮУ Университетінің түлегі туған білім ордасының 28 студентіне оқу гранттары мен жеңілдіктерді ұсынды. Бұл игі қадамның арқасында жаңа оқу жылының басында “Эндаумент КАЗГЮУ” қорына жолыққан студенттерге қаржылай көмек көрсетілді.
Қор директоры Ж. Байсейітованың айтуынша, “бұл әрекет студенттер үшін үлгі болуға тиіс және Университет студенттерінің ұрпақтар сабақтастығының жарқын мысалы болып табылады”.

“Эндаумент КАЗГЮУ” корпоративтік қоры бір жылдан астам уақыттан бері өз қызметін іске асыруда. Университет түлектері мен демеушілерінің қолдауымен көптеген студенттер қаржылай көмекке ие болды.

2016-2017 оқу жылында Қор 6 грант, 4 стипендия табыс етті және 11 атаулы аудиторияны ашуға көмектесті. 2017-2018 оқу жылына “Эндаумент КАЗГЮУ” корпоративтік қоры 27 гранттың қаржысын тартып, оның ішінде 10 грант – студенттердің бүкіл оқу мерзіміне, 4 атаулы стипендия және студенттердің оқу ақысын төлеу үшін 50 – 75 % мөлшерінде 13 жеңілдік ұсынды.