Қажетті құжаттар

Кімге арналған?

  • ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған студенттер;
  • бір ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;
  • көп балалы отбасы (18 жасқа дейінгі төрт бала болғанда);
  • толық емес отбасы (ата-анасы заң жүзінде ажырасқан);
  • аз қамтылған отбасы (табысы күнкөріс деңгейінен төмен);
  • студенттің ата-анасының біреуі мүгедек (2 не 3 топтағы) болса.

Қайда жолығу қажет?

  • «Эндаумент КАЗГЮУ» КҚ (613-каб.)
  • Тел.: + 7 (7172) 70 30 30

Қажетті құжаттар:

  • жеке куәлік көшірмесі;
  • фото 3*4/ сапасы жақсы портреттік фото;
  • отбасы құрамы туралы анықтама (берген органның мөрімен)
    ата-анасының/қамқоршының жұмыс орнынан анықтама;
  • кем дегенде соңғы алты ай үшін әрбір ата-ана/қамқоршының табыс сомасы туралы анықтама (мәліметтер) түпнұсқасы. Егер ата-анасы/қамқоршы жұмыссыз болған жағдайда, Жұмыспен қамту орталығынан олардың әлеуметтік мәртебесін (көп балалы, аз қамтылған отбасылар) растайтын құжатты ұсыну қажет;
  • ата-анасының зейнеткер куәлігінің көшірмесі (болған жағдайда);
  • бір үйде тұратын отбасы мүшелерінің мүгедектігі туралы анықтама (болған жағдайда);
  • әрбір ата-ананың/қамқоршының атында жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама (жылжымайтын мүлік болмаған жағдайда);
    әрбір ата-ананың/қамқоршының атында заңды тұлғаның не ЖК бар/жоғы туралы анықтама; 
  • әрбір ата-ана/қамқоршының банк шотынан кемінде соңғы алты ай үшін алынған үзінді көшірме;
  • ҰБТ не КТА сертификаты (1-курс студенттері үшін), транскрипт (2-4-курс студенттері үшін);
  • IELTS сертификаты (болған жағдайда);
  • ауылдық квота (болған жағдайда);
  • республикалық және халықаралық грамоталар мен сертификаттардың көшірмелері (болған жағдайда).