«Журналистика: аналитика және зерттеу» білім беру бағдарламасының студенттеріне гранттар бөлінді

“Эндаумент КАЗГЮУ” Корпоративтік Қорының іріктеу комиссиясының шешімімен M.S.Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti Жоғары Гуманитарлық Мектебінің «Журналистика: аналитика және зерттеу» білім беру бағдарламасының төрт студентінің оқу ақысы қайырымдылық көмек аясында толық төленді. Демеушілер «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» Агенттігі болды. Үміткерлер шығармашылық емтихан қорытындысы бойынша анықталды.