Author Archives: zuhra_manager

Gurgen Basentsyan Scholarship


Guest Lecture

Извините, этот техт доступен только в “Рус” и “Eng”.


Alumni Scholarship

Извините, этот техт доступен только в “Рус” и “Eng”.


Образовательные гранты для абитуриентов MNU от Общественного Фонда “ Қазақстан халқына”

Извините, этот техт доступен только в “Рус” и “Eng”.


2003 Alumni Scholarship

Извините, этот техт доступен только в “Рус” и “Eng”.


Благотворительный забег “Run for Sabina”

Извините, этот техт доступен только в “Рус” и “Eng”.


Благотворительный забег “Run for Sabina”


Endowment Guest Lecture


Endowment Guest Lecture


Endowment Guest Lecture


Корпоративному фонду “ Эндаумент КАЗГЮУ” – 7 лет


Health Project

Извините, этот техт доступен только в “Рус” и “Eng”.


Alageum Scholarship


Sur-Place стипендиясы

Жалпы ақпарат

Конрад Аденауэр атындағы Қор Sur-Place жергілікті стипендиясына конкурс жариялайды.

Конкурсқа кім қатыса алады?

Қазақстанның ЖОО-да (жоғары оқу орындарында) күндіз оқитын және конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтары қордың стипендианттары бола алады – бакалаврлар немесе магистранттар. Құжаттарды тапсыру кезінде қатысушының жасы 30-дан аспауы тиіс.

Конкурстық іріктеу кезінде еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысатын, белсенді өмірлік ұстанымы, кең дүниетанымы бар және көздеген мақсатына жете білетін студенттерге басымдық беріледі. Шет тілін білу құпталады, бірақ міндетті болып саналмайды.

Стипендияны төлеу мерзімі

Стипендия 1-6 айға беріледі (ұзарту мүмкіндігімен). Стипендия төлеу мерзімі әр жағдайда анықталады.

Стипендия мөлшері – айына 80 000 теңге.

Конкурстық іріктеу

Конрад Аденауэр атындағы Қордың болашақ стипендианттары екі сатылы конкурстық іріктеуден өтеді: төменде көрсетілген тізім бойынша құжаттарды тапсыру және сұхбаттасу болады.

Конкурсқа қалай қатыса алу керек?

Конкурсқа қатысу үшін электронды түрде құжаттардың толық пакетін (төменде көрсетілген) келесі электрондық поштаға жіберу керек: sps-kaz@kas.de

Құжаттарды қабылдау мерзімі жоқ, қабылдау жыл бойына жүргізіледі, дегенмен магистратура немесе бакалавриаттың соңғы курсының студенттері құжаттарды қарау мерзімдерін ескеруі керек. Өтініш беру кезінде және шәкіртақы төлеу мерзімінде стипендиат күндізгі бөлімнің студенті болуы керек.

Қажетті құжаттар тізімі

Толық тізімге келесі құжаттар кіреді (ағылшын немесе неміс тілдерінде):

1) Кандидаттың толтырылған сауалнамасы фотосуретпен (сауалнама нұсқасын www.kas.de сайтынан жүктеп алуға болады);
2) Түйіндеме;
3) Мотивациялық хат (2 парақтан артық емес);
4) Транскрипт (студенттің бағалары) (аударма міндетті емес);
5) Оқу орнынан алған анықтама қағазы (аударма міндетті емес);
6) Қосымшасы бар бакалавр дипломы (магистранттар үшін).

Сұхбаттасуға шақырылған үміткерлер құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуы қажет.

Қосымша ақпаратты sps-kaz@kas.de электронды поштасына, сондай-ақ +7 7172 925 630 байланыс телефонына хабарласу арқылы білуге болады.

Сіздің конкурсқа қатысуыңызға риза боламыз және Сізге сәттілік тілейміз!


«Журналистика: аналитика және зерттеу» білім беру бағдарламасының студенттеріне гранттар бөлінді

“Эндаумент КАЗГЮУ” Корпоративтік Қорының іріктеу комиссиясының шешімімен M.S.Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti Жоғары Гуманитарлық Мектебінің «Журналистика: аналитика және зерттеу» білім беру бағдарламасының төрт студентінің оқу ақысы қайырымдылық көмек аясында толық төленді. Демеушілер «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» Агенттігі болды. Үміткерлер шығармашылық емтихан қорытындысы бойынша анықталды.


«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобының құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы кеңесінің студенттік стипендияларын тағайындау жөніндегі конкурс өз мәресіне жетті

DSC_5731 DSC_5870 DSC_5879 Жыл сайын «Эндаумент КАЗГЮУ» КҚ Университеттің дарынды студенттері үшін гранттар мен стипендияларды іздейді. Қор қызмет еткелі екі жылдың ішінде дарынды жастарға гранттар, жеңілдіктер мен стипендиялар арқылы қолдау көрсетілді. Қазіргі таңда Қор демеушілер мен әріптестердің, сондай-ақ КАЗГЮУ түлектерінің бөлген қаражаты есебінен студенттерге елуге жуық грант және 50, 60, 75, 100% мөлшерінде жеңілдіктерді ұсынды. Бірнеше студент ай сайын 25 мың теңге көлемінде стипендия алады, сондай-ақ Университеттің тек «өте жақсы» және «жақсы» деген бағаларға оқитын 12 үздік студенті 25 мың теңге көлеміндегі атаулы стипендияларға ие болды. Өткен жылдың соңында біздің әріптес — «ҚазМұнайГаз» Басқармасының жанында өз қызметін жүзеге асыратын, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобының құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы кеңесі КАЗГЮУ студенттеріне арнап студенттік стипендияларды бекітті. Конкурстың екі кезеңі қарастырылған еді, оның шарттары «ҚазМұнайГаз» және КАЗГЮУ Университетінің веб-сайттарында жарияланды. Алғашқы кезеңде өтінімдер алдын ала жиналып, «Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласын құқықтық реттеудің өзекті мәселелері» деген тақырыпқа орындалған ғылыми жұмыстар қаралды. Екінші кезеңде конкурсқа қатысушылар «ҚазМұнайГаз» құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры Ардақ Мукушов басқарған Комиссияның алдында өздерінің ғылыми еңбектерін қорғады. Комиссияның құрамы: – «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Ноғайбай Заңғар; – «PSA» ЖШС-інің әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры Даниель Ваисов; – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Марлен Оразбеков; – заң ғылымдарының кандидаты, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңына түсініктеменің бірлескен авторы Валентина Лебедь; – Эндаумент КазГЮУ корпоративтік қорының директоры Жанна Байсеитова; – «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ атқарушы комитетінің мүшесі, Халықаралық заңгерлер одағының Үйлестіру кеңесінің мүшесі, «Zenesh» заң орталығының атқарушы директоры Дарига Курманова. 2018 жылдың 27 маусымында Комиссия конкурстың қорытындысын шығарды, оның жеңімпаздары болып КАЗГЮУ-дың келесі студенттері атанды: бірінші орын – Кабылов Болат Бекболатович, «Заңтану» мамандығының 3-курс студенті; екінші орын – Абугалиев Сырымбет Махамбетович, «Заңтану» мамандығының 3-курс студенті; үшінші орын – Молдахметова Галия Андреевна, «Заңтану» мамандығының 3-курс студенті. Сондай-ақ Комиссия Манас Багдатович Ережеповқа және Асаинова Лаура Сабырбеккызына конкурсқа атсалысқандары үшін алғыс хаттарын табыстады. Соңында Комиссияның төрағасы Ардак Мукушов дарынды жастарды қолдау маңыздылығын атап өтіп, Конкурсты ұйымдастыру кезінде көрсеткен қолдау үшін Басқарушы кеңес пен Комиссияның мүшелеріне, КАЗГЮУ-ға өз алғысын білдірді.


M.S. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti “Эндаумент КАЗГЮУ” корпоративтік қорына өтініш беру тәртібі

0u7b13b8c3-85e74d00-160e3117 “Эндаумент КАЗГЮУ” корпоративтік қорынан гранттар мен жеңілдіктерді алуға үміткер болу үшін өтінішті 2018 жылдың 25 тамызынан кешіктірмей КАЗГЮУ ЦОН-ы арқылы тапсыру қажет. Осы мерзімнен кейін берілген өтініштер қаралмайды. Құжаттарды мынадай тұлғалар тапсыра алады: 1) көп балалы отбасылардан студенттер; 2) бір не екі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер; 3) ата-анасының біреуі 2 не 3-топтағы мүгедек болып табылатын студенттер; 4) толық емес отбасыдан студенттер; 5) аз қамтылған отбасылардан студенттер.


КАЗГЮУ Университетінің Эндаумент қоры «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялары тобының құқықтық мәселелер бойынша басқарушы кеңесінің студенттік стипендияларды тағайындауға конкурсы жарияланғанын қуана хабарлайды

IMG_0116 Құрметті студенттер! КАЗГЮУ Университетінің Эндаумент қоры «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялары тобының құқықтық мәселелер бойынша басқарушы кеңесінің студенттік стипендияларды тағайындауға конкурсы жарияланғанын қуана хабарлайды!

Конкурсқа қатысушылар мынадай талаптар қойылады:

1. «Халықаралық құқық», «Заңтану» мамандығы бойынша кемінде екі курс оқуын табысты тәмәмдаған студенттер;

2. Академиялық үлгерімінің көрсеткіштері 3.0-ден төмен емес GPA балы бар;

3. Университеттің тәртібін бұзбаған студенттер (Регламенттің 3-тармағын қараңыз). Байқауды өткізу нысаны — «Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласын реттеудің өзекті мәселелері» деген тақырыпқа ғылыми жұмысты жазу (Регламенттің 2-тармағын қараңыз).

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға мынадай көлемде стипендиялар тағайындалады:

1-орын — 30 000 теңге:

2-орын — 20 000 теңге;

3-орын — 10 000 теңге. (Регламенттің 1-бетін қараңыз).

Толық ақпарат үшін байқау өткізу регламенті қоса беріледі. Барлық мәселелер бойынша мына мекенжай бойынша жолығуыңызды сұраймыз: Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 8, «КАЗГЮУ Университеті» АҚ, 613-каб. Тел.: 70 30 30 (ішкі: 1199).


КАЗГЮУ-да атаулы стипендиялар мен гранттардың иелері анықталды

IMG_0116

КАЗГЮУ түлектері қауымдастығының атаулы гранты Астана қ. Балалар үйінің тәрбиеленушісі Р.А. Василенкоға табысталды. Оның оқу қаражаты түлектердің алғашқы қайырымдылық кеші төңірегінде жиналды.

Заң ғылымдарының докторы, профессор М.С. Нәрікбаев атындағы стипендия иегерлері:
1) Кожанова Дана, 2-курс «Менеджмент»
2) Төкен Ақмарал, 3-курс «Есеп және аудит»
3) Батталова Гүлден, 1-курс «Заңтану»
4) Шадімхан Бидаулет, 3-курс «Заңтану»
5) Ұбайдолла Дана, 1-курс «Халықаралық құқық»

Заң ғылымдарының докторы, профессор Н.А. Шәйкенов атындағы стипендия иегерлері:
6) Казиев Адильбек, 2-курс, «Халықаралық құқық»
7) Табылдиева Динара, 2-курс, «Қаржы»
8) Ночевная Виктория, 3-курс «Құқық қорғау қызметі»
9) Слямов Алтай, 3-курс «Заңтану»
10) Айменов Нуркен, 3-курс «Заңтану»

Сондай-ақ Экономика жоғары мектебі де заң ғылымдарының докторы, профессор М.С. Нәрікбаев атындағы екі стипендияны бекітті:
1) Дәуренбаев Ердаулет, 3-курс, «Қаржы»
2) Макажан Алия, 3-курс, «Аударма ісі».


Эндаумент қорының демеушісі КАЗГЮУ-дің 28 студентіне көмек көрсетті

IMG_8259

IMG_8263

IMG_8267

IMG_8269

Тәуелсіздік күні қарсаңында КАЗГЮУ Университетінің түлегі туған білім ордасының 28 студентіне оқу гранттары мен жеңілдіктерді ұсынды. Бұл игі қадамның арқасында жаңа оқу жылының басында “Эндаумент КАЗГЮУ” қорына жолыққан студенттерге қаржылай көмек көрсетілді.
Қор директоры Ж. Байсейітованың айтуынша, “бұл әрекет студенттер үшін үлгі болуға тиіс және Университет студенттерінің ұрпақтар сабақтастығының жарқын мысалы болып табылады”.

“Эндаумент КАЗГЮУ” корпоративтік қоры бір жылдан астам уақыттан бері өз қызметін іске асыруда. Университет түлектері мен демеушілерінің қолдауымен көптеген студенттер қаржылай көмекке ие болды.

2016-2017 оқу жылында Қор 6 грант, 4 стипендия табыс етті және 11 атаулы аудиторияны ашуға көмектесті. 2017-2018 оқу жылына “Эндаумент КАЗГЮУ” корпоративтік қоры 27 гранттың қаржысын тартып, оның ішінде 10 грант – студенттердің бүкіл оқу мерзіміне, 4 атаулы стипендия және студенттердің оқу ақысын төлеу үшін 50 – 75 % мөлшерінде 13 жеңілдік ұсынды.


КАЗГЮУ студенттеріне арналған атаулы стипендиялар

Безымянный

КАЗГЮУ Университетінің 1 – 3-курстарының студенттері Н.А. Шайкенов және М.С. Нәрікбаев атындағы стипендиялардың иегері атану үшін конкурсқа қатыса алады. Конкурсты ұйымдастырушы – Эндаумент қоры және КАЗГЮУ түлектерінің қауымдастығы.

Өтініштер 2018 жылдың 20 қаңтарына дейін КАЗГЮУ ХҚКО (ЦОН) сайтында қабылданады.

10 атаулы стипендияға үміткер бола алатын студенттер:
2017-2018 оқу жылының 1-семестріндегі GPA 3,67 төмен болмауға тиіс (транскрипт);
КАЗГЮУ Университетінің қоғамдық өміріне белсенді қатысушы (грамоталар, дипломдар);
Ғылыми жұмыстар конкурстарына, олимпиадаларға, халықаралық конкурстарға қатысушы (растайтын құжаттар);
IELTS (6,0 төмен емес сертификат болған жағдайда).
Менеджер: Назерке Бекежан (613-каб.), тел.: +7 (7172) 70 28 26.


КАЗГЮУ түлектерінің алғашқы қайырымдылық кеші

fsnrzubw.k3ukipyatcom00110

2017 жылдың 11 қарашасында КАЗГЮУ түлектері қауымдастығының бастамасымен “Эндаумент КАЗГЮУ” корпоративтік қоры және M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti түлектерінің Алғашқы қайырымдылық кешін өткізді.

Бұл кеш Астананың St.Regis атты ең үздік қонақүйлерінің бірінде ұйымдастырылды. Кештің жүргізушісі – танымал шоумен Жасын Қанбаев. Түлектер өз достарымен және кәсіби шыңдарға жол сілтеген Университет профессорларымен кездесуге қуанышты болды. Кеш қонақтарының жинаған сомасы 2 426 000 теңге құрады. Бұл сомадан Астана қаласының Балалар үйінің түлегіне M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-нде 2018-2019 оқу жылына атаулы грант ұсынылды және екі көрнекті ғалым – з.ғ.д., профессор Н.А. Шайкеновтың және з.ғ.д., профессор М.С. Нәрікбаевтың атындағы стипендиялар бекітілді.

Толық фото-есеп Кипятком.сайтында.

fsnrzubw.k3ukipyatcom00110
t1dnnls5.vy2kipyatcom00003
vbjui0cc.vtjkipyatcom00059
3lbq4hui.qoukipyatcom00088
3uvx0hii.0czkipyatcom00101
2zrzrrxo.i1jkipyatcom00075
vufvsdaa.zs2kipyatcom00065
bi0cvs4v.34qkipyatcom00136
wzukvw3p.bgokipyatcom00124
ur133kfb.fsdkipyatcom00047
l0qu2uth.uqxkipyatcom00041
gjwhooxx.zkpkipyatcom00005
ddsvkadi.jnikipyatcom00060
nbhijnjd.ycbkipyatcom00178
uv4t5tu0.wpgkipyatcom00207

«Эндаумент КАЗГЮУ» корпоративтік қорының директоры Atameken Business Channel телеарнасындағы «Чашка кофе» бағдарламасында

Жанна

«Эндаумент КАЗГЮУ» корпоративтік қорының директоры Жанна Байсеитова Atameken Business Channel телеарнасындағы «Чашка кофе» бағдарламасында. Толық сұхбатты мына сілтемеден тамашалай аласыздар:


КАЗГЮУ-да тілдік зертхана ашылды

IMG_5865

КАЗГЮУ-да шет тілдерін оқыту бойынша халықаралық білім беру орталығы  Education First (EFкомпаниясының атаулы аудиториясы ашылды. Компания шетелдегі білім бойынша дүниежүзілік көшбасшысының мәртебесіне ие. 

Жаңартылған аудиторияны ресми іске қосу салтанатына EF-тің Қазақстандағы директоры А. Жунусова, КАЗГЮУ басшылары, қызметкерлері мен студенттері қатысты. 

IMG_5879

КАЗГЮУ Басқарма Төрағасының орынбасары М. Дәуленов Жалпы білім беру пәндері мектебінің Шет тілдері департаментінің жанында орналасқан жаңа аудитория әріптестер өздерінің бірлескен жобаларын, оның ішінде заманауи оқыту әдістерін апробациялау және енгізу бойынша жобаларды іске асыра алатын  бастапқы алаңға айналғанын белгіледі. 

IMG_5900

Жаңа кабинетте ағылшын тілін үйренуге бүкіл жағдай жасалған, себебі аудитория мультимедиялық жүйе, ноутбук, проектор, интерактивті тақта секілді заманауи құралдармен және жеке Wi-Fi  нүктесімен жабдықталған. 

IMG_5921КАЗГЮУ-дың ең ірі шетелдік тіл орталығымен ынтымақтастығы 2016 жылдың желтоқсан айында Білім беру және бірлескен зерттеулер саласындағы өзара әрекеттестік туралы меморандум жасалғаннан бері басталды. Оның төңірегінде студенттер мен оқытушылар ағылшын тілін меңгеруде, онлайн-режимде тестілеу қамтамасыз етілген. 


QAZKOM КАЗГЮУ Университетінде атаулы аудиторияны ашады

Ракишев

Орталық Азияның ең ірі қаржы институттарының бірі және Қазақстандағы ең ірі жеке банк білім ордасында жеке өзінің аудиториясын ашуды жоспарлайды.

Осындай форматтағы ынтымақтастық туралы шешім өткен жылдың соңында қабылданған болатын. Қазіргі уақытта заманауи, мультимедиялық, көп функционалдық оқу аудиториясын жаңарту, дизайнерлік және техникалық жабдықтау бойынша жұмыстар аяқталып қалды.

Атаулы аудиторияны салтанатты ашу рәсіміне қаржы институты тарапынан КАЗГЮУ түлегі, сондай-ақ «Эндаумент КАЗГЮУ» корпоративтік қорының белсенді демеушісі болып табылатын және бірнеше жыл бойы туған білім ордасының студенттеріне қаржылай көмек көрсететін Директорлар кеңесінің төрағасы Кеңес Рақышев қатысады деп күтіледі.  

Жаңартылған аудиторияда QAZKOM әріптестеріне іскерлік нысандағы іс-шараларды өткізу, сондай-ақ студенттерге дәріс оқу мүмкіндігі ұсынылады.


КАЗГЮУ – ұрпақтар сабақтастығы!

КАЗГЮУ Университетінің ең жас студенттерінің бірі – Абдуләзіз Жанғалиев «халықаралық құқық» мамандығы бойынша бірінші курста оқиды. Жасы он бесте ғана болғанына қарамастан, Абдуләзіз шет тілдерін жетік меңгерген озат студенттерінің бірі, сондай-ақ спортпен шұғылданып, таэквондодан қара белбеу иегері атанып үлгерді.

Абдуләзіздің айтуынша, кезінде Университеттің бірінші басшылары қалыптастырған өзінің мықты кадрлық профессорлық-оқытушылық құрамымен әйгілі КАЗГЮУ-ға түскен таңдауы кездейсоқ емес, өйткені кезінде оның әкесі де осы білім ордасында білім алған еді.  

Оқуын бітіргесін Абдуләзіз халықаралық заңгерлік тәжірибемен айналысуды немесе өз тағдырын әлемдік кеңістікте Қазақстан мүдделерін білдіріп, елші ретінде дипломатиялық қызметпен байланыстыруды жоспарлайды.  

Өткен жарты жылда университеттегі оқу Абдуләзіздің ерекше ынтасын, жаңа білімге деген құштарлығын, бірқатар ғылыми пәндерге, оның ішінде экономикалық бейіндегі және психологияға қатысты пәндерге қызығушылығын арттырды. Енді ол өз оқуын әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарында жалғастыруды жоспарлап, бос уақытын кітапханада өткізетін болды.

Қалыптасқан дәстүр бойынша осындай дарынды, жан-жақты дамыған студенттерге әрқашан қолдау көрсетіледі. Жақында білім ордасының демеушілері атаулы стипендияны бекітпекші, оның арқасында университеттің ең белсенді әрі жігерлі студенттері КАЗГЮУ-да тегін білім ала алады.


КАЗГЮУ Университетінің студент қызына арнайы грант

IMG_6591

“Эндаумент КАЗГЮУ” корпоративтік қорының демеушісі қазіргі кезде заң білім ордасының бірінші курсында оқып жатқан Сабина Мухаматнуроваға қаржылай көмек көрсетті. 
Студент қыздың жылдық оқу ақысын төлеген жәрдемші өз есімінің жасырын болғанын қалады.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, Сабина қиын материалдық жағдайға тап болды. Енді демеушінің көмегімен Сабина өз оқуын жалғастыра алады. Болашақта Сабина кәсіби қызметін еліміздің құқық қорғау органдарында жалғастырғысы келеді. 

Игілікті іс жасаған кезде адамдардың ізгілік, мейірімділік, кішіпейілдік секілді асыл қасиеттерді басшылыққа алуы қуантарлық жағдай.   КАЗГЮУ Университеті “Эндаумент КАЗГЮУ” КҚ барлық демеушілері мен қолдаушыларына отандық білімді дамытуға қосқан үлестері үшін алғысын білдіреді. 


Балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арналған сыйлықтар

IMG_5850

Жаңа жыл қарсаңында КАЗГЮУ Университетінің өкілдері елордалық SOS ауылының тәрбиеленушілерін құттықтады. КАЗГЮУ Басқарма Төрағасының орынбасары Н. Коробко білім ордасы басшылығының тілектері мен жылы лебізін білдірсе, мерекелік сыйлықтарды балаларға «Эндаумент КАЗГЮУ» корпоративтік қорының директоры Жанна Байсеитова табыстады. Келген қонақтардың КАЗГЮУ Университеті және «Астана SOS балалар ауылы» арасында жасалған меморандум аясында тәрбиеленушілердің КАЗГЮУ-да оқи алатындығы туралы айтқан сөздері баршаны қуантты. Балалар ауылының ең үздік түлектерін оқытуға екі грант бөлу туралы шешім қабылданды.

IMG_5777

Өз кезегінде, Балалар ауылының қызметшілері білім ордасының ерекше үлесін КАЗГЮУ Ректоры Т. Нәрікбаевке, Басқарма Төрағасының орынбасары Н. Коробкоға, КҚ директоры Ж. Байсеитоваға, Корпоративтік қорының демеушісі, «АПК-Инвест» корпорациясының басшысы А. Тілеубаевке арнайы жазылған атаулы алғыс хаттарымен белгілеп, қамқорлықтарындағы балаларға белсенді көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

IMG_5766

Осыған дейін хабарланғандай, Университет жоғары білім саласындағы бірқатар әлеуметтік жобалардың, оның ішінде «Болашаққа апарар жол» жобасының бастамашысы және жетекшісі ретінде шығады, соның арқасында дарынды балалардың еліміздің жетекші заң оқу орнында тегін оқу мүмкіндігі бар. 

IMG_5797IMG_5856


Астананың Іскер әйелдерінің кеңесі КАЗГЮУ студенттері үшін шебер-сыныптарды ұйымдастырды

IMG_5336

Қазақстанның Тәуелсіздігін тойлау аясында елордалық Іскер әйелдерінің кеңесі КАЗГЮУ студенттері үшін кәсіби шебер-сыныптарды ұйымдастырды.

Келген қонақтар бизнесті табысты құру саласындағы кәсіби тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ бүгінде мемлекет жастардың кәсіпкерлігін дамыту үшін жасап жатқан мүмкіндіктері туралы әңгімеледі.

 

IMG_5308

Өз кезегінде, КАЗГЮУ Басқарма Төрағасының орынбасары
Н. Коробко қазіргі кезде Университеттің студенттік авторлық стартаптарды қолдау бойынша жобаны іске қосып жатқандығын хабарлады.

«КАЗГЮУ-да студенттердің бизнес-идеялары мен жобаларын бағалайтын және болашағы зор жобаларға ұйымдастырушылық және қаржылай көмек, мәселен, инвесторларды, мемлекеттік субсидиялауды тартуға және т.б. көмек көрсете алатын сарапшылар тобы құрылмақ», – деп белгіледі Н. Коробко.

 

IMG_5469

Кездесу барысында студенттер қонақтарға Capstone Project конкурсында жеңімпаз атанған, Қазақстандағы сотталған адамдардың құқықтарын қорғау бойынша инновациялық жобаны көрсетті, бұл жоба төңірегінде олар тұтқындардың құқықтары бойынша зерттеулерді жүргізді. Студенттердің айтуынша, болашақта олардың жүргізген зерттеулерінің қорытындысы бойынша қылмыстық-атқарушылық құқық, қылмыстық-процестік құқық және халықаралық құқық саласындағы ұлттық бағдарламаларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдар дайындалады.

 

IMG_5517

Сондай-ақ Тәуелсіздік мерейтойына «Әйелдер. Шығыс-Батыс» журналының  «Қазақстан бүгін. Астананың әйелдері» арнайы мерекелік шығарылымы да көрсетілді.

Ынтымақтастық аясында жуырда КАЗГЮУ Университетінде Астананың Іскер әйелдері кеңесінің жеке атаулы аудиториясы ашылмақ. Кеңес Төрайымы Б. Бисембаеваның айтуынша, бұл қадам Астананың бизнес-қауымдастығына кіретін әйелдердің тар бейіндегі заңгерлерді даярлау процесіне үлесін білдіреді.

IMG_5541


Ауылдық мектептердің 25 оқушысы Тәуелсіздіктің 25-жылдығы құрметіне КАЗГЮУ-да тегін оқу мүмкіндігіне ие болады

IMG_1773

Қазақстанның бірқатар ауылдық мектептерінің 25 үздік оқушысы КАЗГЮУ-да «Құқық қорғау қызметі» жетекші мамандығы бойынша тегін оқи алады. Ел Тәуелсіздігінің 25-жылдығына дарынды балаларға бұл тартуды КАЗГЮУ Университеті және «ZHERSU» инвестициялық-өнеркәсіптік корпорациясы жасады.

  Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Тараптар Ынтымақтастық туралы меморандумды жасасты, оның мақсаты –  Алматы облысында орналасқан Жыланды және Лепсі елді мекендерінің дарынды мектеп оқушыларына әлеуметтік қолдау көрсету.

Осылай, 10 білім беру грантын КАЗГЮУ жеке өзінің қаражатынан бөледі және тағы 15 грантты «ZHERSU» корпорациясы ұсынады.

ҚР Бокс федерациясының вице-президенті, «ZHERSU» корпорациясының басшысы Б. Оспанов белгілегендей, бүгінде КАЗГЮУ Университеті, студенттер мен магистранттардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға қосқан үлесі мемлекеттік деңгейде танылған, еліміздің алғашқы заңгерлік оқу орындарының біріне айналды.

 

IMG_1727

Аталған келісімнің өзектілігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұжырымдамасын жүзеге асыру төңірегінде құқық қорғау құрылымы үшін білікті мамандарды даярлау қажеттілігімен айқындалған. Бұл жөнінде жуырда КАЗГЮУ-да өткен кездесуде айтылған еді, сол кезде танымал қоғамдық қайраткер халықаралық құқықтық өрісте Қазақстанды дамыту мәселелеріне арналған қонақ дәрісін оқыды. Кездесу соңында Б. Оспанов КАЗГЮУ-дың болашақ түлектеріне сыбайлас жемқорлықты  түбімен жоятын «әділ заңдарды шығаруды» тіледі.

Осылай, еліміздің жетекші заңгерлік оқу орны барлық қазақстандықтарға сапалы әрі қолжетімді білімді ұсыну бойынша өз миссиясын біртіндеп іске асыруда.

d26c49d2-3f2a-41d4-bb29-ca61766699b8


КАЗГЮУ-да Тәуелсіздіктің 25-жылдығы құрметіне Республикалық нотариаттық палатаның атаулы аудиториясы ашылды

IMG_4343
КАЗГЮУ Университетінде ҚР Тәуелсіздігін мерекелеу аясында Республикалық нотариаттық палатаның атаулы аудиториясының ресми ашылу салтанаты өтті.  

Аудиторияның ашылу салтанатына РНП төрағасы Әсел Жанәбілова, КАЗГЮУ Университетінің Құқық жоғары мектебінің директоры Сергей Пен, еліміздің бірқатар мемлекеттік құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ университет студенттері мен оқытушылары қатысты.

IMG_4364

РНП төрағасы Ә. Жанәбілова өзінің алғы сөзінде еліміздің жетекші заңгерлік оқу орнымен көп уақыттан бері жалғасып келе жатқан ынтымақтастығының мәртебесін ерекше белгіледі, оның төңірегінде Республикалық нотариаттық палата жоғары білікті кадрларды даярлау процесіне өзінің үлесін қосуда.  

«Республикалық палата тарапынан дарынды жастарды қолдау білім беру деңгейін арттыруға және КАЗГЮУ студенттерін тиімді оқыту процесіне ықпал ететіндігіне сенімдімін, мүмкін, болашақта олар біздің әріптестеріміз, Нотариаттық палатаның мүшелері болмақ», -деп Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы белгіледі.

IMG_4362

Қазіргі уақытта университетте 7 атаулы аудитория қызмет етуде, бұл аудиторияларда «Эндаумент КАЗГЮУ» КҚ әріптестері мен демеушілері іскерлік форматтағы іс-шараларды өткізе алады, сондай-ақ студенттердің алдында дәріс оқу мүмкіндіктері бар.

Осыған дейін хабарланғандай, Корпоративтік Қор заңгерлік оқу орнында білім алуға қаржылай мүмкіндігі жоқ дарынды жастарды қолдау үшін әрқашан ашық. Тек үстіміздегі жылы демеушілердің, Қордың ресми әріптестерінің спонсорлық көмегі арқасында жиырма шақты балаға тегін оқу гранттары табысталды.  

IMG_4369

Оған қоса, жыл сайын КАЗГЮУ Университеті оқу кезінде өздерін жақсы жағынан көрсете білген дарынды студенттерге білім гранттарын және атаулы стипендияларды ұсыну үшін 80 млн. теңге өз қаражатын жұмсайды.  

Осылайша, еліміздің жетекші заңгерлік жоғары оқу орны барлық қазақстандықтарға сапалы әрі қолжетімді білім ұсыну бойынша миссиясын біртіндеп жүзеге асыруда.

IMG_4334
IMG_4383
IMG_4374
IMG_4390
IMG_4379

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығының құрметіне КАЗГЮУ-дың атаулы аудиторияларының тұсаукесері

IMG_4478 - копия

Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойын мерекелеу аясында КАЗГЮУ Университеті атаулы аудиториялардың тұсаукесерін өткізді. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев, «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-інің бас директоры Медет Кәрім және еліміздің ведомстволық құрылымдарының басқа өкілдері, жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушылары қатысты.

Жаңа аудиториялардың ресми ашылуында қонақтармен амандасып, ҚР ИДМ вице-министрі Тимур Тоқтабаев жетекші заңгерлік КАЗГЮУ Университетінің ширек ғасырда ел Тәуелсіздігінің тарихы мен құқықтық мемлекеттілігінің өркендеуі мен дамуына айтарлықтай үлес қосқан дарынды әрі табысты түлектер легін тәрбиелеудегі рөлін ерекше белгіледі. Аудиториялардың ашылуы жоғары оқу орнының бірқатар отандық банк инвесторлары секілді ірі-ірі әріптестермен ынтымақтастың жаңа кезеңін бастады.

Ағымдағы жылдың басынан бері университетте белгілі мемлекеттік қайраткер, «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Басқарма Төрағасының экс-төрағасы Мақсұт Нәрікбаев авторы мен негіз қалаушысы болған «Эндаумент КАЗГЮУ» әлеуметтік жобасы төңірегінде іске қосылған бестен астам атаулы аудитория қызмет етеді. Осыған дейін хабарланғандай, «Эндаумент КАЗГЮУ» қайырымдылық қоры заң оқу орнында оқуға қаржы мүмкіндігі жоқ дарынды жастарды қолдау үшін құрылды. Тек үстіміздегі жылы Қор меценаттарының, ресми әріптестерінің демеушілік көмегі арқасында жиырма шақты балаларға тегін оқу гранттары табысталды.  

Одан басқа, жыл сайын КАЗГЮУ Университеті студенттердің оқу ақысына жеңілдік беру үшін 80 млн. теңге көлемінде өз қаражатын жұмсайды және оқу кезінде өздерін жақсы жағынан көрсете білген ерекше дарынды студенттерге білім беру гранттарын ұсынады. Осылайша, еліміздің жетекші заңгерлік оқу орны барлық қазақстандықтарға сапалы әрі қолжетімді білім беру бойынша миссияны біртіндеп іске асыруда.

Динара АРХАРОВА, Астана

IMG_4417
IMG_4424
IMG_4425
IMG_4438
IMG_4448
IMG_4469
IMG_4472
IMG_4478
IMG_4499
IMG_4509
IMG_4511
IMG_4520

Астананың балалар үйлерінің тәрбиеленушілері КАЗГЮУ-да тегін оқитын болады

IMG_1678
«Болашаққа апарар жол» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру төңірегінде КАЗГЮУ Университеті Астананың SOS Балалар ауылының тәрбиеленушілерін оқу орнымен таныстыру үшін экскурсия өткізді.

Бұл шара балаларды жаңа ортаға бейімдеу мақсатымен ұйымдастырылды. Қонақ ретінде келіп, тәрбиеленушілер студенттермен және оқытушылармен танысты, оқу орнының аудиторияларын аралады, сондай-ақ «Эндаумент КАЗГЮУ» корпоративтік қорының директоры Жанна Байсейітовамен кездесті.

Балалар ауылының тәрбиеленушілері патронаждың қамқорлығымен студенттік атмосфераға шомып, өз өмірінің жаңа кезеңіне және еліміздің жетекші оқу орнында оқуға дайындала бастады.

Қол жеткізілген уағдаластық қорытындысы бойынша «Эндаумент КАЗГЮУ» корпоративтік қоры Астанадағы SOS Балалар ауылының тәрбиеленушілеріне, сондай-ақ бірқатар аз қамтылған отбасылардың балаларына жоғары оқу орнында тегін оқуға білім беру гранттарын бөледі.  

Балалар ауылы өкілдерінің айтуынша, жоғары кәсіби білім алу ниетінде балаларға көрсетілген бұл көмек өте уақтылы. Мүмкін, Қордың бұл шешімі еліміздің басқа оқу мекемелерінен демеушілер үшін үлгі боларлық және сонда тағы да басқа көптеген тәрбиеленушілер «өмірге жолдамаға» деген өз арманын жүзеге асыра алады.   

  Осыған дейін хабарланғандай, КАЗГЮУ-дың Корпоративтік қорын құру мақсаттарының бірі халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарын қолдауға бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру болып табылады.  

IMG_1676
IMG_1672
IMG_1667
IMG_1673
IMG_1559
IMG_1653
IMG_1657
IMG_1659
IMG_1661
IMG_1669
IMG_1532
IMG_1577
IMG_1631

Болашаққа бастар жол!

14424899_245441769190870_3193250197449779833_o
Осылай аталатын әлеуметтік жоба балалар үйлерінің, оның ішінде «SOS Астана балалар ауылы» ұйымының тәрбиеленушілеріне жоғары білім алу мүмкіндігін сыйлайды. «Эндаумент КАЗГЮУ» корпоративтік қоры биыл орта мектеп тәмәмдаған жетім балаларға және аз қамтылған отбасылардың балаларына грант бөлуде. Қайырымдылық жобасы аясында Қор директоры Жанна Байсейітова Балалар ауылының түлектерімен кездесіп, ұйым атынан балалардың оқу жалғастыру әрі білікті маман болу деген ниеттерінде оларға барынша қолдау көрсетілетіндігін білдірді.
Осыған дейін хабарланғандай, КАЗГЮУ Корпоративтік Қорын құрудың бір мақсаты халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарын қолдауға бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру болып табылады.


КАЗГЮУ Қазақстанның Іскер әйелдерінің кеңесімен Меморандум жасасты

IMG_8780

Стратегиялық әріптестік аясында тараптар бірлесіп, білім беру қызметтерінің отандық саласын дамытуды жоспарлайды. Дәлірек айтқанда, бейінді институттар мен ведомстволардың өкілдерін шақыра отырып, ғылыми-практикалық жиналыстарды, семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыру мен өткізу қарастырылады.

Осындай ауқымдағы шараларға ғылыми дәрежесі бар (ғылым докторлары, кандидаттары, академиктер), сондай-ақ белгілі бір тақырыптар бойынша теориялық білімі мен практикалық тәжірибесі мол білікті сарапшылар тартылмақ.

Одан бөлек, ынтымақтастық нысаны ұсынылатын қызметтердің көпшілік арасында танылуына, студенттер, профессор-оқытушылық құрам мен ғылыми қызметшілердің арасындағы белсенді өзара әрекетке бағытталған екі жақты ақпараттық қолдауды көрсетуді көздейді.

IMG_8774


«Эндаумент КАЗГЮУ» қоры дарынды балаларға көмек көрсетуде

IMG_4468

«Эндаумент КАЗГЮУ» корпоративтік қорының басшылығы «SOS Астана балалар ауылымен» дарынды жетім балаларға бірлескен көмек көрсету жөнінде ынтымақтастық туралы меморандумды жасасты. Бастапқыда уағдаластық аясында балалар ауылының 11-сыныбының 2 оқушысы ағылшын тілін меңгеру курстарына қатысады. Оқу курсының соңында оқушыларға КАЗГЮУ Университетінде оқу мүмкіндігі ұсынылады.

Сондай-ақ Қор демеушілерінің көмегі арқасында балалар университеттің жатақханасында тегін тұра алады.

IMG_8786


«КАЗГЮУ-ды таңдаймын–3» республикалық байқауы өз мәресіне жетті

FfksP2V14xA

Биыл КАЗГЮУ ректорлық грантының иегері атану құқығы үшін Қазақстанның барлық өңірлерінен елуден астам үміткер бағын сынады.

Осы жылы Қазақстанның орта мектептері, лицейлері, гимназия мен колледждерінің түлектеріне еліміздің жетекші заң оқу орнында тегін кәсіби білім алу мүмкіндігі қайтадан ұсынылды. Дәстүрлі шараға айналған шығармашылық конкурстың соңғы мәресіне жеткен үміткерлердің дарынын «КАЗГЮУ Университеті» АҚ Басқармасының Төрағасы Талғат Нәрікбаев, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов, еңбек сіңірген өнер қайраткері, театр және кино әртісі Нұрлан Әлімжанов секілді танымал тұлғалардан құралған қазылар алқасының мүшелері бағалады.

Қазылар алқасы сайысқа қатысушылардың креативтілігін, олардың жеке жетістіктерін, әйгілі қоғамдық қайраткерлердің тарапынан қатысушыларға қатысты білдірген жылы лебіздерінің болуын және университет бейнесін жасаудағы шығармашылық көзқарасын бағалады. Ақтық сайысқа шығудың тағы бір амалы – Youtube, Facebook, Vkontakte әлеуметтік желілерінде бейнероликті көрген адамдардың, лайктар мен репосттың барынша көп болуы.

Барлық жюри мүшелері сайысқа қатысушылардың жастарына қарамастан, олардың жоғары дайындық деңгейін бағалады. Дауыс беру барысында бүкіл конкурстық өлшемшарттарға сай келетін көшбасшылардың бестігі анықталды. Конкурс жеңімпаздары болып мына қатысушылар атанды:

  1. Темиржанова Сабина Бауржановна (СКО, село Явленка, Школа №1 им. Т.С.Позолотина)

  1. Мамиров Азамат Максутович (Карагандинская область, г. Сарань, Школа №1)

  1. Сұлтанұлы Ислам (г. Тараз, Гимназия № 45 им. Б. Момышулы)

  1. Әлжан Аяжаным Мейрамқызы (СКО, село Петровка, Петровская средняя школа)

  1. Қуанышев Арсен Зейнелғабденұлы (г.Астана, Школа-лицей №15)

 

КАЗГЮУ Университетінде оқуға 20 % жеңілдік алу сертификаты Анель Хамитоваға бұйырды (Қарағанды қ., НЗМ). 

Барлық қалған қатысушылар оқуға 10 % жеңілдік алуға үміткерлер болып табылады.

  • Ковченко Святослав (10% скидка)
  • Алпысбай Аида(10% скидка)
  • Жанатаева Асель (10% скидка)
  • Нурпеисова Айжан (10% скидка)
  • Шахаман Айдана (10% скидка)
  • Бекболов Дәулет (10% скидка)
  • Накиева Мадина (10% скидка)
  • Сеитова Жанар (10% скидка)
  • Сатпаева Камилла (10% скидка)
  • Ермекбаев Бауыржан (10% скидка)
  • Карабаева Алуа (10% скидка)
  • Есбулатова Мадина (10% скидка)
  • Исатаева Сания (10% скидка)
  • Байтурсынова Камила (10% скидка)
  • Қыздарбекова Диана (10% скидка)
  • Шугай Адина (10% скидка)
  • Әсілхан Уәли (10% скидка)
  • Кинжибаева Джамиля (10% скидка)
  • Сагдатова Айдана (10% скидка)
  • Абдрахманов Даулет (10% скидка)
  • Бақытжан Ақбота (10% скидка)
  • Орынбаева Алтынай (10% скидка)
  • Андагулов Мирболат (10% скидка)
  • Егинбай Алибек (10% скидка)
  • Адильбай Газиза (10% скидка)
  • Садыков Даурен (10% скидка)
  • Чекабаева Ангелина (10% скидка)
  • Абу Амина (10% скидка)
  • Убашева Камила (10% скидка)
  • Смаилова Мадина (10% скидка)
  • Тургаева Томирис (10% скидка)
  • Есеркепов Тамерлан (10% скидка)
  • Машрапова Шаһизада (10% скидка)
  • Эмльс Салтанат (10% скидка)
  • Байдарбекова Айгерим (10% скидка)
  • Турениязова Аида (10% скидка)
  • Раджабова Рухсора (10% скидка)
  • Адамов Мухамед (10% скидка)
  • Аширханова Хадиша (10% скидка)
  • Махамбетияр  Аяш (10% скидка)
  • Қасымханова Арманай (10% скидка)
  • Жибек Шымбай (10% скидка)
  • Серикова Акбота (10% скидка)
  • Есенова Камила (10% скидка)
  • Мурзахмет Томирис (10% скидка)
  • Нурсултан Нургали (10% скидка)
  • Досмухамбетова Сауле (10% скидка)
  • Айткалиев Жан (10% скидка)
  • Цой Екатерина (10% скидка)
  • Ермуратова Наргиз (10% скидка)

n7L_xB1z30o — копияНұрлан Әлімжанов, еңбек сіңірген өнер қайраткері, театр және кино актері:

«Мәдениет өкілі болғандықтан, мен бейнероликтерді қарау кезінде ең алдымен қатысушылардың креативті көзқарасы мен шығармашылық әлеуетін бағаладым. Менің ойымша, қатысушылардың көбісі қойылған тапсырмаға барынша жауаптылықпен қарап, оны ойдағыдай орындады».

13882555_10208445482789546_2220040896650679530_n-----kopiya-minМұрат Әбенов, КАЗГЮУ түлегі, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары:

«Осындай жобалар дарынды жастарымызды қолдауға бағытталып, қойылған мақсат-мұраттарға қол жеткізуге итермелегендіктен, әрқашан өзекті болуда. КАЗГЮУ – көсемдік қабілеті бар дарынды балаларды тарту және қолдау саясатын мақсатты түрде жүзеге асыратын, еліміздің санаулы жоғары оқу орындарының бірі. Дәл осы балалар болашақта еліміздің кәсіпқой мамандарының өзегін құрайды».

Барлық қатысушылардың бейнероликтерін мына сілтеме бойынша көруге боладыосы жерде.

«КАЗГЮУ-ды таңдаймын-3» бейнеконкурсының № 1 хаттамасынан үзінді . (жүктеу).

1-29 30-56

1-36 (1) 1-36 (2)


«КАЗГЮУ Университеті» АҚ мен “Taiburyl” ҚБ арасындағы ытнымақтастық туралы келісім

logoEn

2016 жылдың 17 маусымында «КАЗГЮУ Университеті» АҚ мен “Taiburyl” ҚБ арасындағы ытнымақтастық туралы келісім жасалды. Аталған келісім аясында қатысушылар серіктес компанияның дамуы жолында өзара қолдауы мен ақпараттық қамсыздандырылуына иек арта алады.

“Taiburyl” Қоғамдық бірлестігі коммерциялық емес жеке ұйым.

Бірлестіктің негізгі миссиясы – елдің зияткерлік әлеуеті – студенттер, салалар бойынша ғалымдар, зерттеушілер, дарындар, кәсіби мамандарға қолдау көрсетіп, дамыту.

Бірлестік жеке тұлғалардың, коммерциялық қызметпен айналысатын заңды тұлғалардың  қайырымдылық және демеушілік көмегінің арқасында қаржыландырылады.

Бірлестікке көмектесу ерікті болып табылады, әрі Бірлестік қаржылық ашықтық пен қатаң есептілікті сақтайды. Бірлестіктің шотына келіп түскен барлық қаражат Бірлестіктің сайтындағы «Есептілік» бөлімінде жарияланады.

Білестік сонымен қатар қолма-қол ақша айналымынан бас тартты, барлық ақшалай операциялар банк есеп-шоттары арқылы, онлайн аударымдар арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі кезде “Taiburyl” ҚБ 4 түрлі бағдарлама ұсынуда:

  1. «Білім алуды қолдау» бағдарламасы «Ай сайынғы стипендиялар» мен «Білім беру гранттары» сияқты екі түрлі жоба аясында студенттерге қолдау көрсетуді көздейді.
  2. «Зерттеушілерді қолдау» бағдарламасы «Ғылыми зерттеулер» мен «Қолданбалы әзірлемелер» сияқты екі түрлі жоба аясында ғалымдарға қолдау көрсетуді көздейді.
  3. «Дарындарды қолдау» бағдарламасы «Дарындарды іздеу» және «№2» бағдарламасы» сияқты екі түрлі жоба аясында ғылым, спор және мәдениеттегі дарындарға қолдау көрсетуді көздейді.
  4. «Қонақ дәрістер» бағдарламасы бизнес пен мемлекеттік басқару аясында қонақ дәрістерді ұйымдастыруды көздейді.

КАЗГЮУ Университетінің студенттері аталған бағдарламаларға қатыса алады. Одан да көбірек мәліметті мына сайтан қарай аласыз http://taiburyl.kz/. Бірлестікпен өткізілетін қонақ дәрістер КАЗГЮУ-де өтеді деген келісім жасалды. Енді студенттерге дәрістер қонақ дәріс-сабағы кезінде білім мен тәжірибені жеткілікті ала алады. Біз өнімді ынтымақтастық пен болашақта қарым-қатынасымыздың нығая түсетініне сенім білдіреміз!


«Эндаумент КАЗГЮУ» копоративті қорының стипендиаттары (шәкіртақы алушылары)

IMG_8691

Өзін атаудан бас тартқан меценаттың бастамасы бойынша ақшалай қаражатты бөлу Комиссиясының отырысында 2016 жылдың 22 маусымында 2016-2017 оқу жылындағы оқулары үшін әр студентке 25 000 тг көлемінде екі шәкіртақы тағайындалды.  Бұл Құқық Жоғары Мектебінің «Құқық қорғау» мамандығының студенті Сарымсақова Салтанат, Экономика Жоғары Мектебінің «Аударма ісі» мамандығының студенті Төреханқызы Ұлжарқын!

Аталған студенттер өздерін университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысушылары ретінде көрсете білген, академиялық қызметте білімі бойынша үздік нәтижелерге қол жеткізген.

Салтанат пен Ұлжарқынға оқуда сәттілік, барлық бастамаларды алдыңғы қатардан көріне берулеріне тілектестік білдіреміз!

IMG_8688

Төреханқызы Ұлжарқын

Материалдық жағдайы

Академиялық жетістіктері

Университеттегі өмірі

 

Барлығы

Отбасының табысы

Толық емес жанұя/ жетім/ жартылай жетім

Көпбалалы отбасы

Ата-аналары зейнеткер

GPA

Клубтар, секциялар, спорттық шаралар, т.б.

Қайырымдылық

Халықаралық жобалар

10%

10%

10%

10%

30%

10%

10%

10%

 

Анасы жұмыссыз

Толық емес отбасы

3,31

English Speaking club

 

Қазақстандағы АҚШ елшілігінен Сертификат

70%

40%

30%

30%

100%

Сарымсакова Салатанат

Материалдық жағдайы

Академиялық жетістіктері

Университеттегі  өмірі

 

Барлығы

Отбасының табысы

Толық емес жанұя/ жетім/ жартылай жетім

Көпбалалы отбасы

 

GPA

Клубтар, секциялар, спорттық шаралар, т.б.

Қайырымдылық

Халықаралық жобалар

10%

10%

10%

 

30%

10%

10%

10%

 

Төмен, дәлелдеуші құжаттары бар.

Толық емес отбасы

3,22

Студенттік ұйымдар мүшесі: Билер Кеңесі, Жаса Жастар, Жас Алаш

   

60%

40%

30%

30%

100%


«Эндаумент КАЗГЮУ» корпоративті қорынан бірінші грант

IMG_4735 2016 жылдың 15 сәуірі күні «Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті Қорының гранттарды беру бойынша талаптарды әзірлеген Қамқоршылық Кеңестің отырысы болып өтті. Талаптар бойынша бұл гранттарға көп балалы, толық емес отбасылар мен жетімдер, жартылай жетімдер, ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандар қол жеткізе алады. Материалдық жағдайлары төмен, академиялық үздік жетістіктері бар, Университет өміріне белсенді атсалысып жүрген студенттерге ерекше назар аударылады. Сонымен қатар Қамқоршылық Кеңесімен гранттарды беру жөніндегі 4 адамнан құрылған Комиссия қызмет жасады. Ең алдымен меценаттың пікірі мен тілегі ескеріледі. 

Бірінші меценат Нәрікбаева Жібек Мақсұтқызы «Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті Қорының гранттарды беру Комиссиясының отырысынан кейін 2016 жылдың 25 мамырында өзінің бірінші грантын үміткер, Құқық Жоғары мектебінің «Халықаралық құқық» мамандығындабілім алып жүрген 1-курс студенті Гаврилова Владислава Вячеславовнаға бергенін қуана хабарлаймыз.

Гаврилова Владислава Вячеславовна

«Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті Қорының гранттарды беру комиссиясының, Қамқоршылық Кеңесінің атынан Владиславаны 2016-2017 оқу жылы таңдаған мамандығы бойынша білім алуына грант иегері атануымен құттықтаймыз!

Влада — копия

Материалдық жағдайы

Академиялық жетістіктері

Университеттегі өмір

 

Қорытынды

Отбасылық табыс

Толық емес отбасы/ жетім/ жартылай жетім

Көпбалалы отбасы

Ата-анасы зейнеткер

GPA

Клубтар, секциялар, спорттық шаралар, т.б.

Қайырымдылық

Халықаралық жобалар

10%

10%

10%

10%

30%

10%

10%

10%

 

Асыраушысын жоғалту бойынша зейнетақы

Жетім

3,26

«NewArt» креативті тобының қатысушысы. «Жаңа есімдер» байқауна қатысқан,

«Жер үшін ағаштар отырғызу» флешмобын ұйымдастырған, «Miss KAZGUU 2016» шарасына және Университет қабырғасында өткізіліп жатқан әр түрлі акцияларға, сонымен қатар неміс тіліндегі шығарма байқауына   қатысқан. 

«Эндаумент КАЗГЮУ» КҚ

 

70%

40%

30%

30%

100%

«Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті Қорының гранттарды беру Комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

«Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті Қоры Қамқоршылық Кеңесі отырысының ХАТТАМАСЫ


«Меңенат картасын» тапсыру

Астана қ. «Банк KassaNova» филиалының директоры Абылай Мұсабековке «Меңенат картасын» тапсыру

Астана қ. «Банк KassaNova» филиалы директорының орынбасары Малик Таумаганбетовке «Меңенат картасын» тапсыру

«ДБ «PNB» – Казахстан» АҚ филиалының директоры – Басқарушы директоры Расул Косановқа

«Меңенат картасы» бойынша ақпарат:

Карта атаулы және оны тек қана иегері пайдалана алады. Карта иегері «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-да өткізілетін барлық білім беру үдерісіндегі шараларға қатыса алады. Әрі картада барлық ақылы шараларға қатысты 50% жеңілдік бар. Карта иегеріне М.С.Нәрікбаев атындағы кітапханаға кіруге, оны пайдалануға рұқсат етілген.

Абылаю Мусабекову Малику Таумаганбетову


«Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті қорынан грант алуға үміткерлер

IMG_9769

Бүгінгі күні «Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті қорынан грант алып, ары қарай Университетте грант негізінде білім алуға ниеттенген «КАЗГЮУ Университеті» АҚ студенттерінен 86 өтініш келіп түсті. Бұл – көпбалалы отбасыларындағы, толық емес жанұялардағы, жартылай жетім, ата-ана қарауынсыз қалған балалар.  

Төмен материалды жағдайы бар, академиялық жетістіктерде үздік, әрі Университет өміріне белсенді қатысатын студенттерге ерекше көңіл бөлінеді.

Қазіргі кезде өтініштер қарастырылып жатыр. Жақын арада «Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті қорынан БІРІНШІ ГРАНТ озып шыққан студенттің біріне беріледі!


Фонд «Эндаумент КАЗГЮУ» благодарит первых меценатов 2016 года

sposoby_oplaty1-1

«Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті Қоры 2016 жылдың бірінші меценаттарына КАЗГЮУ Университетінің болашағына немқұрайлы қарамай, әрі Қордың мақсатты капиталын толықтырғаны үшін шын жүректен алғысын білдіреді. Нақтылағанда қайрымдылық салымын жасаған келесі меценаттарға: 

«Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті Қоры салымшыларының тізімі

Салымшы

Салым сомасы

Салым мрзімі

Салым бағыты

 

Ақан Бақытжан Даулетбайұлы

100 000 (жүз мың) теңге 

17.03.2016 ж.

Өтеусіз материалды көмек

 

Кабылдин Адильжан Асатович

100 000 (жүз мың) теңге 

17.03.2016 ж.

Өтеусіз материалды көмек

 

Байсеитова Жанна

100 000 (жүз мың) теңге 

17.03.2016 ж.

Өтеусіз материалды көмек

 

Асанов Нуркен Жарылкапович

150 000 (жүз елу мың) теңге 

 

Өтеусіз материалды көмек

 

Жолаев Рахимбек Куатбекович

50 000 (елу мың) теңге 

 

Өтеусіз материалды көмек

 

Ахтаев Данияр Сейтханулы

150 000 (жүз елу мың) теңге 

 

Өтеусіз материалды көмек

 

Сайкенов Ануар Бауыржанович

30 000 (отыз мың) теңге 

18.03.2016 ж.

Өтеусіз материалды көмек

 

Беисеков Бауыржан Талгатулы

40 000 (қырық мың) теңге 

18.03.2016 ж.

Өтеусіз материалды көмек

 

Баграмов Адиль Саматович

50 000 (елу мың) теңге 

28.03.2016 ж.

Өтеусіз материалды көмек

Сіздің үлесіңіз Университеттің жоғары мәртебесін сақтауға және оның болашақта белсенді дамуына себептеседі. Салынған қаражаттың көлеміне қарамастан әр қайыр – біздің негізгі миссиямыз – сапалы білімді қолжетімдірек жасауды жүзеге асырудағы көмек болып табылады! 


Мақсұт Нәрікбаевты еске алу «Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті Қорының ашылуы

2016 жылдың 30 наурызында Қазақстанның көрнекті қайраткері Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаевты еске алу кітапханасының және Эндаумент КАЗГЮУ» қайырымдылық Қорының ашылуы өтті.

Кітапхананы ашу рәсімі «Қазақстанның даму банкі» АҚ  Басқармасаның Төрағасы Болат Жәмішев пен Мақсұт Нәрікбаевтың жұбайы – Қасиет Нәрікбаеваға бұйырды. Астананың барлық тұрғындары қонақ абонементін пайдалана отырып, кітапхананың мұрағат қорына қол жеткізетін оқырмандары бола алатынын атап өту керек.  Сонымен қатар ашылу салтанатына әр түрлі қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, өзге ведомстволардың өкілдері шащқырылған. Олардың қатарында Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу, заң ғылымдарының докторы, ҚР ІІМ жанындағы  Марат Қоғамов, сонымен қатар КАЗГЮУ-дің атақты түлектері бар.

0
01
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11

Оған қоса «КАЗГЮУ Университеті» АҚ-да кезінде идея авторы мен жобалардың бастамашысы Мақсұт Сұлтанұлының өзі болып табылатын «Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті Қорының таныстырылымы өтті. Онда жинақталған қаражат көмегімен дарынды, бірақ қаржылық мүмкіндігі шектеулі жастарға көмек көрсетіледі.  

3

«Эндаумент КАЗГЮУ» Қорының ресми серіктестері – АО «Банк KassaNova» АҚ, «TengriBank», АҚ «ҚазКонтент» сияқты елдің ірі институттарының атаулы аудиторияларының салтанатты ашылуы өтті.  

10Надежда Коробко, «Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті Қорының директоры:

Бұл – кейбір инвестициялар, кейбір салымдар салынатын қайырымдылық қоры.  Қордың міндеті студенттерге тікелей көмектесу. Жақсы оқитын, оқуға ниетті, бірақ мүмкіндігі жоқ студенттерге. Бұл жеңілдіктер, бұл стипендиялар, бұл гранттар. Университеттің өзі 80 млн. шамасында жеңілдіктер мен гранттарға, стипендияларға қаражат бөлуде. Енді біз бұл Қордың көмегімен осындай шараларды атқарғымыз келеді. Идея авторы Мақсұт Сұлтанұлының өзі болатын.    

 

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
2
3
0

Үшінші аудитория «Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті Қорының бірінші меценаттары КАЗГЮУ Университеті Бизнес-мектебінің түлектерімен  материалдық-техникалық жағынан жабдықталған.

 

0
1
2
3
4
5
6

30 наурызда атақты мемлекет қайраткері, профессор, заң ғылымдарының докторы Мақсұт Сұлтанұлы 76 жасқа толатын еді. Мақсұт Сұлтанұлы  кезінде ҚР Бас прокуратурасын, ҚР Жоғары сотын басқарған, Қазақстанның Жоғары сот кеңесінің, Мәжілісі жанындағы қоғамдық палатаның, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі болған.

«Эндаумент КАЗГЮУ» Корпоративті Қорының басшылығы 2016 жылдың меценаттарына КАЗГЮУ Университетінің болашағына бей-жай қарамағаны үшін және Қордың мақсатты капиталын толтырғаны үшін шын жүректен алғысын білдіреді.  

2
0
1

fhhhfh-min


atameken.info үшін «КАЗГЮУ Эндаумент» Корпоративті Қорының ашылуы туралы эксклюзивті сұхбат

банки

Егер материалдық жағдай болмаса, ал мемлекеттік грантқа қол жеткізілмесе жақсы білім алуға мүмкіндік бар ма? «КАЗГЮУ Эндаумент» Корпоративті Қорының ашылуымен қазақстандық студенттерде бұндай мүмкіндік туындады.

«КАЗГЮУ Университеті» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Надежда Коробко  жаңа жоба туралы atameken.infoға эксклюзивті сұхбатында айтып өтті. Сұхбатты мына тұстан оқуға болады.